В ритме города Новости

«Ұлттық ұлан – Ел қалқаны» атты байқау мәресіне жетті

Мұнда өнерлерін ортаға салған сарбаздар мақтау қағаздарымен марапатталды

Жастар – кез-келген мемлекеттің ең белсенді мүшесі. Бүгінгі жастар – егеменді елдің ертеңгі үміті, ата-бабамыз сан жылдар армандаған тәуелсіздігімізді көзінің қарашығындай сақтайтын ұрпақ жалғасы. Елбасының жастарды қолдауға қатысты айтылған ойларының көрінісі биылғы жылдың Жастар жылы болып бекітілуіне негіз болды. Иә, Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаев 2019 жылды «Жастар жылы» деп белгіледі. Білімді, саналы ұрпақ қана ел болашағы бола алатындығын атап айтқан басшымыз бүгінгі жастарға зор міндет жүктеп отыр. Осы жауапкершілікті Ұлттық ұлан қатарындағы сарбаздар да сезініп, өздерінің үлестерін қосуда.

Ел үмітін ер ақтар. Сөзсіз, бүгінгі жаңа буын жас талап күш-қайраты бойында бар кезде елі, ұлты үшін қызмет жасауға міндетті. Өз Отанын әлемнің ең дамыған елдерінің қатарына қосу – білікті, иманды, саналы ұрпақтың қолында. Елбасының Жолдауында айтылған келелі идеяларды жүзеге асыруда Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жауынгерлерде өз үлестерін қосып келеді. 6697 әскери бөлімінде «Ұлттық ұлан -Ел қалқаны» атты рота аралық көркем өнерпаздар байқауы өтті. Байқау 3-кезеңнен тұрады бірінші кезең «Авторлық ән», екінші кезең «Патриоттық әндер» және соңғы кезеңде «Мәнерлеп оқу» бойынша өнерлі жауынгерлеріміз сынға түсті. Барлық сайыста оза шапқан Құшмұрын кентінен келген 3-ші атқыштар ротасының сарбаздары әділқазылар алқасының көңілінен шығып қошеметке бөленді. Жетіқара қаласынан келген 2-ші атқыштар ротасының жауынгерлері де осал емес екендерін байқатты.

Ал материалдық-техникамен қамтамасыз ету ротасының жігіттері, Қостанай Педагогикалық Университетінің студент қыздарымен «Мәнерлеп оқу» кезеңі бойынша сахыналық көрініс қойып көрермен көзайымы атанды. Жеті қырлы бір сырлы жігіттеріміздің өнерлерін бағалау әділқазылар алқасына қиын соқты. Дегенмен жарыс бар жерде жеңісте, жеңілісте болатыны сөзсіз. Байқау қортынысы бойынша сөз кезегін алған 6697 әскери бөлімінің Тәрбие және әлеументтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі бөлім командирінің орынбасары подполковник Шораев Бауыржан Пернебайұлы: – Қай заманда, қай дәуірде болса да жастар қоғамның қозғаушы күші болып саналады. Өйткені олардың бойында жалын-жігер тұнып тұр. Ілгерілеу мен дамудың қуат көзі жастардың күш қайратында. Сондықтан қыз-жігіттерді болашаққа көбірек бейімдеп, бағыттау керек. Ол үшін білімге, өнерге, жаңашылдыққа барынша баулыған жөн. Бүгінгі өткізіп отырған байқауымыздыңда мақсаты да осы болып табылады деп түйіндеді. Байқау соңында жеңімпаздар бөлім командирінің атынан мақтау қағаздарымен марапатталды.

Қымбат ШҰҒАЙЫП,

Қостанай қаласының 6697 әскери бөлімінің кіші сержанты


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77