Социум

«Ұлттық мәдениеттің негізі – салт-дәстүр» атты танымдық сағат өтті

Бүгін 16 наурыз— Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. Осыған орай

«Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ Наурызды мерекелеуге, қазақ халқының ұлттық құндылықтарын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын ілгерілетуге арналған «Ұлттық мәдениеттің негізі – салт-дәстүр» атты танымдық сағаты өткізілді.

Іс-шараға «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалының мүшелері қазақтың салт-дәстүрлері жайында айтып берді.

– Бүгін салт-дәстүр жайында іс-шара өтті. Алдағы уақытта да Наурызнаманың әр күніне байланысты интеллектуалды ойын, кездесулер жоспарланған. Біздің мақсатымыз жастарға, оқушыларға дәстүрлеріміздің қыр-сырын тереңірек айтып, естеріне салу. 20-сы күні бастапқы мерекелік күндер аяқталады, – дейді Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының әмбебап оқу залының меңгерушісі Ботагоз Бекболатова.

Бұл іс-шарада әжелер бесікке салу дәстүрін егжей-тегжей айтып берді. Жалпы салт дәстүр – бала тәрбиесінің ажырамас бөлігі. Олар тұрақтылықты, тыныштықты үйретеді. Сонымен қатар отбасылық байланыстың қаншалықты берік екенін көрсетеді.

Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77