События

«Ұлы педагог Ы.Алтынсариннің мұрасы және оның қазақстандық білімнің қалыптасуындағы рөлі»

Ұлт ұстазының 180 жылдық мерейтойына орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Шаһарымызда облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және алғашқы қазақ педагог-ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай, «Ұлы педагог Ы.Алтынсариннің мұрасы және оның қазақстандық білімнің қалыптасуындағы рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел барысында, Ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсембаев және академияның бірқатар көрнекті қайраткерлері, облыс әкімінің орынбасары Бақыт Есімова, білім басқармасының басшысы Зәуре Байменова және мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов, облыстық білім беруді дамыту перспективасының маңызды мәселелерін кеңінен талқылады.

Белгілі қазақстандық ғалымдар, ҰБА мүшелері Есім Ғарифолла, Серік Негимов, Жауымбай Қараев академия жұмысының басым бағыттары туралы, қазіргі педагогикадағы Алтынсариннің идеясын сақтау маңыздылығы туралы айтып берді.

Зиялы қауым өкілдері, Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының еңбек сіңірген қоғам қайраткерлері ағартушының туған еліне тағзым етуге, педагогтың мавзолейіне, оның есімімен аталатын музейге барып, Қостанай жерінің ұлы перзентінің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсарин қазақ даласында білім нәрін сеуіп, ел келешегі жастарды білімге баулыған. Алдына келген шәкірттеріне біліммен қоса тәлімді тәрбие беріп, ұлтымыздың жарқын келешегіне жол бастаған жан. Оның білім жолында атқарған ізгі істері ешқашан ұмытылмайды.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77