События

Ұлысты Ұлы күні «Наурыз мейрамы» қарсаңындағы марапат

Қайрат Ахметов мереке қарсаңында бірқатар марапатты иелеріне табыстады

Наурыз мерекесіне орай қалалық әкімдіктің мәжіліс залында сала мамандарына Құрмет грамоталары мен Алғыс хат табыстау рәсімі өтті.

Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов облыс А.Мұхамбетовтың атынан «Құрмет грамотасы» мен Тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаев атындағы қор директоры атынан келген «Алғыс хаттарды» табыстап, сөз сөйледі.

– Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Бойына ізгілік пен рухани келісім, гүлдену мен жаңаруды жиып, ұлан-байтақ даламызға шуақты күнін ала келген әз Наурыз, ынтымағы жарасқан барлық қазақстандықтардың сүйікті мейрамына айналып отыр. Өткен жылы болған барлық сәттсіздіктер артта қалсын. Індетті аман-есен еңсеріп, жарқын күндерде жүздесе берейік. Наурыз мейрамы құтты болсын, – деді қала әкімі Қайрат Ахметов.

Марапат алған жандардың ішінде Қостанай қаласының құрметті азаматы, өңір медицинасының дамуына зор үлес қосқан дәрігер, 40 жылдан астам уақытын денсаулық саласына арнаған кісі Купей Мальчубаева.

– Наурыз мейрамы қарсаңында қарша қостанайлықтарды мерекесімен құттықтағым келеді. Денсаулықтарыңыз мықты болсын, бұл індетті толық жеңеміз, жеңіп те келеміз. Бірақ, «сақтансаң сақтаймын» деген сөз бар, сол себепті өзіңізді, балаларды сақтау қажет. Баршаларыңыз аман болыңыздар. Арнайы марапат табыстап жатырған қала басшылығына алғыс айтамын, – деді ардагер дәрігер Купей Мальчубаева.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсірген Асхат НУРТАЗИН


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77