Здравоохранение

МӘМС: Шетелде білім алатын қостанайлық студенттер сақтандыру мәртебесін алады

Қостанай қаласында 76918 адам сақтандырылмаған

Жалпы облыс бойынша 659 437 адам сақтандырылған, бұл өңір халқы санының 76%-ын құрайды. Ал, сақтандырылмаған азаматтар саны 207 705 адам. Қыркүйек айында бүкіл облыс бойынша сақтандырылмаған халықтың төмендеу саны 4849 адамды ғана құрады.

– Қостанай қаласында 76918 адам сақтандырылмаған. Бұл облыс бойынша ең үлкен көрсеткіш. Сақтандырылған халықтың ең үлкен деңгейі Жангелді, Амангелді, Қамысты, Науырзым аудандарында және Арқалық қаласында тұрады, – деп атап өтті «Әлеуметтік сақтандыру қоры» КЕАҚ Қостанай облысы бойынша филиалының директоры Сәуле Аймұхамбетова.

Филиал директорының айтуынша, шетелдегі жоғары оқу орындарында білім алатын студенттердің сақтандырылған мәртебесін беру бойынша мәселе шешімін тапқан көрінеді. Енді ол студенттерге мәртебесі «egov.kz.» арқылы 5 күннің ішінде берілмек.

– Сонымен қатар, жұмыс істейтін азаматтардың көбісі бухгалтерлік қателер немесе бір әлеуметтік санаттан басқа санатқа ауысу салдарынан сақтандырылған мәртебесіне ие болмайды. Барлық азаматтарды fms.kz сайтында немесе 1406 тегін нөмір арқылы өзіңіздің сақтандыру мәртебесін тексеруге болады. Сонымен қатар, 1406 байланыс орталығында МӘМС жүйесінде қатысушысы болудың жолын түсіндіре алады, – деді Сәуле Аймұхамбетова.

Сақтандырылған адамға дәрігер тіркелген пациенттің денсаулығын бақылау үшін тұрғылықты жеріне жақын орналасқан емхананы таңдау ұсынылады. Егер қажет болған жағдайда, емхана дәрігері пациенттің үйіне өзі бара алады, бұл әсіресе қазіргі жағдайда өте маңызды.

– Емханада жетіспейтін мамандардың немесе медициналық жабдықтардың болмауы себептері бойынша МӘМС пакетінен өздеріне тиесілі медициналық көмектен бас тартуға тап болған сақтандырылған азаматтардан өтініштер көптеп келіп түсуде. Бұл жағдайда медициналық ұйымға осы қызмет түріне арналған қорлармен келісім жасасқан кез-келген медициналық ұйымға жолдама беруі керек, – деді филиал директоры.

Міндетті әлеуметтік мидициналық сақтандыру пакетіне бейінді мамандарды қабылдау, зерттеулер мен диагностика; азаматтардың жекелеген санаттары үшін – зертханалық диагностика, тіс емдеу, созылмалы ауруларды кепілді көлемнен тыс емдеу; жоспарлы стационарлық және стационарды алмастыратын көмек; медициналық оңалту қызметтері кіреді.

Қазір сақтандыру мәртебесіне ие болу өте маңызды. Өзіңіздің мәртебеңізді fms.kz сайтында тексере аласыз.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті ұсынған орталық


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77