События

Мәриям Хакімжанованың 115 жылдық мерейтойына орай кітапханада челлендж ұйымдастырылды

Н. Островский атындағы Қостанай орталық қалалық кітапханасы ХХ ғасырдағы әдебиет пен мәдениетіміздің белгілі қайраткері, қазақтың көрнекті ақыны, жерлесіміз, Қазақстанның халық жазушысы Мәриям Хакімжанованың 115 жылдық мерейтойына орай, «Тіліммен жырдан моншақ тағынғанмын» атты челлендін өткізді

Бұл челленджге кітапхана оқырмандары, қала тұрғындары, фейсбук және инстаграм қолданушылары белсенді қатысты.

Кітапханашылар алғашқы болып челленджі бастап, Ыбырай Алтынсаринге немере қарындасы болып келетін Мәриям ақынның жас басынан сөз өнерінің сиқырлы әлеміне таңырқап, ән мен жырдың халық мейіріміндей таза сәулелерін жүрегіне, жанына сіңіріп өскені жайлы баян етті.

Челленджге қатысушы белсенділер қатары көп болды, соның ішінде ақынның өлеңдерін өмірлік ту етіп оқып, поэзиямен сусындап жүрген үздік жастар челлендждері кітапхананың фейсбук және инстаграм әлеуметтік желілеріне орналастырылды. Әлеуметтік желіні қолданушы жастар челленджде ақынның «Жеңешем», «Жол әсері», «Кітап туралы», «Менің досым» және басқа да көптеген өлеңдерін оқыды.

Кітапхана оқырмандары Бексұлтан Айтжан, Ләззат Шынболатова, Данияр Ихсан, Айна Алтынсарина және әлеуметтік желі қолданушылары Еламан Исмаил, Екатерина Бизюк, Ульяна Зеркалий, Регина Зартдинова да белсенділік танытып, ақынның өлеңін нақышына келтіріп оқығандар қатарынан көрінді.

– Ақынның 115 жылдық мерейтойына арналған челлендж жастардың поэзияға деген қызығушылығын оятты деп ойлаймын. Олар біздің кітапхананың әлеуметтік желілердегі парақшаларын қарап, осы шараға атсалысуға тілектерін білдіріп жатты. Бәрі де Мәриям Хакімжанованың өлеңдерін жатқа оқып, біздің тұрақты оқырмандарымыздың алғысына ие болды,-дейді кітапханашы Бөтагөз Дүйсембаева.

Жастарды көркем әдебиетпен етене таныстырып, поэзия әлеміне жетелейтін челлендждер кітапханада алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77