Социум

Медициналық оңалтудан өткеннен кейін 212 адамның мүгедектігі толық алынып тасталған

Ал 380 адам мүгедектіктің неғұрлым жеңіл тобына ауыстырылған

Облыста мүгедектігі бар 27 852 азамат тұрады. Бұл өңір халқының жалпы санының 3,2%-ын құрайды. Орташа республикалық көрсеткіш 3,7%. Облысішілік жағдай тоқталап болсақ, қалаларда 58%, ауылдық жерлерде 42% тұрады. Оның ішінде мүгедектігі бар ер адамдар 58,7%, әйел адамдар41,3%.

Осы мүгедектердің әлеуметтік оңалту шараларымен Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті айналысады. Департамент басшысы Мұрат Мұратбеков мүгедектердің жай-күйі жайында баяндап берді.

– Қостанай облысындағы мүгедектердің 62%-ы еңбекке қабілетті, 27%-ы зейнеткерлік жастағы, ал 0 жастан 18 жасқа дейінгі балалар – 11%-ды құрайды. 18 мыңнан астам мүгедек адамның қайта куәландыру мерзімінсіз, яғни тұрақты мүгедектік тобы бар. Орта есеппен алғанда жылына алғаш рет 2 мыңға жуық адам мүгедектік алды. Жыл сайын шамамен 7-8 мың мүгедектігі бар азамат қайта куәландырудан өтеді, – деп атап өтті Департамент басшысы Мұрат Мұратбеков.

Негізгі нозология бойынша мүгедектік құрылымы келесідей: психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектер -28%, жүріп-тұру функциясы қиын мүгедектер – 25,7%, естумүшелеріндеақауы бар мүгедектер – 4,2%, көруфункцияларыбұзылғанмүгедектер – 4,1%-ды құрайды.

– Алдыңғы жылдың 12 айында Департаментпен 7 478 адам куәландырылды, оның ішінде мүгедектік тобын белгілеу үшін 7 030 адам және 6 797 адамға мүгедектік белгіленді. 18 жастан асқандары 5 568-ді құраса, 0-ден 18 жасқа дейінгілері 1 229 баланы құрады, – деді Департамент басшысы.

Мүгедектерге көмек көрсету мәселесіндегі негізгі міндеттердің бірі оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу жіне оны іске асыру болып табылады. Облыстың медициналық мекемелері ОЖБ медициналық бөлігін әзірлеп, іске асыруды қолға алған. Өткен жылы әзірленген 7 573 ОЖБ мүгедек азаматтардың 97%-ы медициналық оңалтудан өткен.

– Жүргізілген жұмыс нәтижесінде 212 адамның мүгедектігі толық алынып тасталды, ал 380 адам мүгедектіктің неғұрлым жеңіл тобына ауыстырылды. Сондай-ақ, Департаментпен және облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен, қалалық және аудандық жұмыспен қамту бөлімдерімен бірлесіп ОЖБ-ның әлеуметтік және кәсіптік бөліктері іске асырылуда, – деді Мұрат Мұратбекұлы.

Департамен басшысының қорытындысы бойынша, облыс бойынша мүгедектіктің жай-күйін тұрақт деп сипаттауға болады екен. Мүгедектігі бар адамдар медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту бөлігінде мемлекеттен қажетті қолдау алады. Мүгедек адамдардың заңды құқықтарын сақтау мәселесі Департаменттің тұрақты бақылауында.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Суретті ұсынған орталық


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77