Енді оны кезекте тұрып алудың қажеті жоқ
Елімізде әлеуметтік көмек, жәрдемақы, баланы бала бақшаға немесе мектепке, жоғары оқу орнана орналастыру барысында, банкте есеп шот ашу кезінде, жұмысқа орналасуда, емханаға қаралғанда міндетті түрде талап етілетін мекен-жай анықтамасын елімізде қағаз түрінде алу тоқтатылатын болды.
Бұл бірінші кезекте, аталмыш анықтама талап етілгенде халықтың ұзақ-сонақ кезекте тұрып, уақыт жоғалтуының алдын алу мақсатында жүзеге асырылып отыр. Осы уақытқа дейін мекен-жай туралы анықтаманы алу үшін Халыққа қызмет ету орталығына барып, кезекке тұрып, қағаз түріндегі анықтаманы алу міндетті болып келді.
Енді бұл міндетті емес. Мекен-жай туралы анықтама барлық мемлекеттік мекемелерге электронды түрде қожетімді. Сіз кез-келген мекемедегі жұмысыңызды қолыңызға қағаз түріндегі мекен-жай анықтамасын алмайақ тындыра аласыз. Ондағы қызметкерлер сіздің жеке сәйкестендіру нөміріңіз арқылы қай мекен жайда тіркеуде тұрғаныңызды анықтай алады. Сондықтан осы аталған мекемелер мекен-жай анықтамасын талап етпейтін болады.
Сонымен қатар тұрығндар өздерінің мекен-жайы туралы анықтаманы «электронды үкімет» порталы арқылы да ала алады. «Сандық Қазақстан» бағдарламасы бойынша осы жылдың соңына дейін электрондық түрге 8 қызметті көшіру жоспарланып отыр. Осылайша халықты қағазбастылықтан құтқару көзделіп отыр. Мұндай жаңашылдық белгілі бір құжат дайындағанда немесе жаңа жұмысқа орналасқанда өте қолайлы болатыны белгілі.
Осы кезекте қала тұрғыны Ажар Ғалымды сөзге тартқанымызда, ол:
– Бұл өте жақсы жаңалық екен. Бір құжатты дайындау үшін он құжат жинап шаршайтын едік. Тіпті кейде жүйкең таусылып, кезекте тұратының да бар. Жұмыс арасында керекті құжаттарды дайындап шапқылап жүргенде ұзақ кезекке тап боласың. Қазір ғаламторды бәрі меңгерген заманында барлық құжат электронды түрде болуы керек, – деді.
Еліміз дамыған елдердің қатарына қосылу мақсатында жан-жақты дамып, жетіліп келеді. Осының арқасында халыққа қолайлы жағдайлар туғызылып жатқанына қуаныштымыз.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77