События

Мектеп лигасы арасында Жайдарман фестиваль өтті

Бас жүлде Жангелдин ауданынан келген командаға бұйырды

Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының тапсырысымен  облыстық мектеп лигасының финалдық жайдарман фестивалі өтті.

Жартылай финалда үздік ойын көрсетіп финалға жолдама алған  Рудный, Қостанай қалалары мен Жангелдин ауданынан келген 5 команда қатысты.

Жайдарман да заман талабына сай бейімделіп, жаңа үрдіс алғанын айтады республикалық жайдарман ойындарының Қостанай филиалінің басшысы Бәкір Мұрғұлан.

– Көрерменсіз болсада  ойындары өткізіліп жатыр. Әр ойынды  Youtobe  желісіне жүктеп отырамыз. Жас командалар көбейіп келеді. Қазірде 20-ға жуық  мектеп лигасы құрылған. Дегенмен аудандарда және қаламыздағы  қазақ мектептерінде бұрынғыдай емес,  жайдармаан қозғалысы бәсендеп қалды.  Себебі,  білім басқармасының жастарды жайдарман жолында қолдаулары аз болып отыр. Оқушылар ойнағылары келеді, қолдау болмағаннан кейін көп командалар ойынға шыға алмауда. Мысалы, орыс жайдарманында авторларға да жағдай жасалған. Оларды бір жүйе  бар. Ал қазақ мектептерінде  бұл жолда көптеген мәселе кездеседі. Жылда білім басқармасына жобалар апарамын, қолдау тауып жатқандары аз. Дегенмен, Облыстық жастар ресурс орталығы мен білім бөлімі тек студенттік лигага қаржылай көмектесіп келеді, бірақ әлі де мектеп оқушыларына  деген қолдауды көбейтсе екен, – дейді Марғұлан Бәкір.

Жайдармен – өнер емес, зияткерлік сайыс. Қоғамда сол уақытта өзекті болып жатқан мәселелерді жеткізу. Қызығушылықтары бір жерде тоғысқан жастардың басты мақсаты өз қатарларына, аудиторияға әзілдің көмегімен ой тастау.

Бүгінде «Жайдарман» қозғалысы елдегі мыңдаған жастың басын қосқан үлкен ұйымға айналған. Көңілді тапқырлар түрлі тақырыптарды қойылымдарына арқау етеді. Жайдарманға  құмартқан жастардың қатары  Қостанай өңірінде де көбейіп келеді.

Рудный командасының капитаны Қазыбек Нұрғожинов, жинаған тәжірбиесін  мектеп оқушыларымен  бөлісіп жүр.

– Бүгінгі ойынға 3 команда алып келдім. Балалардың ыңтасы мен таланттарынын арқасында жақсы жетістіктерге жетіп жүр. Жалпы, жайдарман достық ордасы. Және қазіргі  жастарда осы түсінікті қалыптастырған олар ойында қарсылас болса да,  өмірде дос бауырлар. Қазіргі мектеп лигасының жайдарманшыларына қарап бұрынғы өзімізді көреміз. Сондықтан оларды жақсы түсініп, үнемі қолдауға тырысып отырамыз. Бастысы балалардың бойындағы талантты ұштау және жайдарманды даытуға үлес қосу, – дейді ол.

Фестиваль қортындысы бойынша бірінші орынды  Жангелдин ауданынан келген «Аралбай» командасы иеленді, ал екінші орынды Рудный қаласының “Аман ағаның братишкалері” командасы қаңжығасына байласа, «Ақ пен қара» командасы 3 орынды жеңіп алды. Женіске жеткен командаларға  ақшалай сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

 

 Айгерім ТӨЛЕПОВА

Суретті түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77