Мемлекет жеңілдік жарналарын төлейді

Мемлекет жеңілдік жарналарын төлейді

Комментарии к записи Мемлекет жеңілдік жарналарын төлейді отключены
Загрузка...


Облыстық денсаулық сақтау жүйесінің бюджеті 55 млрдтан астам

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру жүйесі толық күшіне енген болатын.

Осы мәселеге орай Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында брифинг өтті.

Еске салайық, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Аймақтардың МӘМС енгізуге дайындығын қамтамасыз ету үшін жедел ынтымақтастықтың орталық штабын құру туралы» бұйрығына сәйкес аймаққа орталық мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері тартылған. 2019 жылғы 12 желтоқсанда Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысы Ботагөз Жақселекованың қатысуымен 1-ші аймақтық штабтың отырысы өтті.

Медициналық қоғамдастықтың МӘМС туралы хабардарлығын арттыру аясында медициналық қызметкерлер каскадты оқыту мен тестілеудің бірнеше кезеңдерінен өтті.

– Әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу және тарифтердің өсуімен 2020 жылы Қостанай облысының денсаулық сақтау жүйесінің бюджеті 55,6 млрд теңгені құрады, – деді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров.

Ол сонымен қатар консультациялық-диагностикалық қызметтерді қаржыландыру көлемі 6 есеге, қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту 12 есеге, стационарды алмастыратын медициналық көмек 2,3 есеге артқанын атап өтті.

– Қазіргі уақытта Қор медициналық көмектің түрлері бойынша көлемдерді орналастырды, медициналық қызметтерді сатып алу аяқталды. Сатып алу нәтижесінде 59 медициналық қызмет көрсетушілер қатысты, олардың 40-ы мемлекеттік, 19-ы жеке меншік, – деді өз сөзінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қостанай облысы бойынша филиалының директоры Сәуле Аймухамбетова.

Барлық қазақстандықтар үшін мемлекет тарапынан кепілдендірілген тегін медициналық көмектің ақысыз пакеті, оның ішінде оралмандар мен тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер үшін әрқашан қол жетімді.

2020 жылдан бастап елімізде тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар ақысыз медициналық қызметтер жиынтығына ене алады. Кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетіне алғашқы, жедел және шұғыл медициналық көмек, бірқатар созылмалы және әлеуметтік маңызы бар ауруларды диагностикалау және емдеу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету кіреді.

Мемлекет МӘМС жүйесіне азаматтардың 15 жеңілдікті санаттары үшін, оның ішінде зейнеткерлер, балалар, студенттер, жүкті әйелдер, декреттік демалыста жүргендер, мүгедектер және өзгелер үшін жарналар төлейді.

Міндетті медициналық сақтандыру пакетіне сәйкес, сақтандырылған азаматтар күнделікті стационарлық көмек, консультативті-диагностикалық, стационарлық көмек, сонымен қатар барлық кезеңдерде медициналық оңалту, амбулаториялық және стационарлық көмекке дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі.

МӘМС жүйесінде әр азамат медициналық көмекпен қамтылуы керек екендігі айтылған. Бүгінгі таңда аймақта халықтың 84,7% сақтандырылған.

Облыс халқының жалпы санынан 869,5 мың адам, 405,2 мың тұрғын 15 жеңілдік берілген санатқа жатады. МӘМС-тің қалған қатысушылары – қызметкерлер 280 мың адам, жеке кәсіпкерлер 41,4 мың адам, бір жолғы төлем төлеушілер 9,5 мың адам, өзін-өзіне төлеушілер 133 мың адам.

Өз тілшіміз


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77

Loading...

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись