Социум

«Мерейлі отбасы» байқауының қатысушылары Мукатаевтар жанұясы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыз қай заманда отбасы дәстүрін берік ұстанып, қадірлей білген

Әрбір азаматтың  адамгершілік болмысын қалыптасуына отбасындағы ахуал айрықша әсер етеді. Әке-шешесінің, ата-әжесінің тәрбиесін көріп, үлкендерден тағылым алып өскен бала есейгенде отаншыл, білімпаз, еңбекқор азаматқа айналады. Берекелі әрі бақытты отбасы қуатты елдің тірегі» – деп баса айтқан болатын. Осындай отбасылардың бірі қаламыздың тұрғындары, жарты ғасырдан астам бір шаңырақ астында тату-татты өмір сүріп жатқан Мукатаевтар отбасы.

Кенжебай атамыз бен Күлмай апамыз үлкен шаңырақты бірлік пен берекеге толтырып отырған жандар. Атамыз талай жыл жүргізуші экспедитор болып қызмет істеген, ал апай облыстық статистика департаментінде бас маман қызметін атқарып, сол жерден зейнеткерлікке шыққан екен. Ел қатарлы ұл, қыз өсіріп немере сүйіп, солардың қызығына кенеліп отырған жандар.

Ата-енесінің батасын алып, қолдарын жылы суға малып отырған келіндері Мейрамгүл үш қызғалдақтың анасы. Шаңырақтың тірегі Жандос қалалық Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде қызмет атқарады. Өз саласының білікті маманы. Әріптестерінің ортасында сыйлы, еңбегінің жемісін көріп талай мәрте марапаттарға ие болып келеді.

Немеренің үлкені Жансая қаламыздағы №24 мектеп-гимназиясының 2 сынып оқушысы, соңынан ерген Сафия, Айым есімді сіңлілері бар. Жансая сурет салып, домбыра тартқанды ұнатады. Ата-әжесінің батасын алып, ақылын тыңдап өсіп келе жатқан балалардың бойынан нағыз қазақи тәлім-тәрбиенің нышанын көруге болады.

– Отбасының береке-бірлігі үлкен кісілердің қолында деп жатады ғой. Негізі, біз татулығы мен береке-бірлігі жарасқан отбасы болғанымызды мақтан етеміз. Балаларымыз ата-әженің өсиетін тыңдап, үлкен тәрбие мектебінен өтуде. Біздің шаңырағымыздың қорғаны болған осы кісілердің барына шүкір айтамыз. Сонымен қатар отбасымыздың бір мүшесі үлкен апамыз және ініміз бар. Біз өте тату-тәтті ғұмыр кешіп жатырмыз. Осы біздің өмірдегі бір жетістігіміз деп айта аламыз. Балаларымыздың әрбір жеткен жетістігі біз үшін үлкен бақыт, байлық деп санаймыз, – дейді Жандос пен Мейрамгүл.

Отбасы – қоғамның басты тірегі десек. Қоғамымызда мерейлі әрі ұлттық құндылығымызды дәріптеп, ұлттық руһты ұл-қызды тәрбиелеп, үлкен ортаға қосып отырған Мукатаевтар отбасы сияқты жандардың бары ерекше мақтаныш.

Материал Қостанай қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша «Жанашыр бол» қоғамдық қоры жүзеге асырып жатқан «Жастар арасында қазақ отбасының жағымды имиджін насихаттау» мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында дайындалды.

Жан ШАЙМЕРДЕН, суретті ұсынған Мукатаевтар отбасы


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77