Социум

Мешіттерде жұма намазын жамағат болып оқуғы тиым салынды

Мұндағы басты мақсат – халық саулығын қамтамасыз ету

Бүгінде әлем бойынша қауіпті болып отырған коронавирус дертінің алдын алу мақсатында елімізде төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Осы ретте Қостанай облысының бас имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы жұма намазын және бес уақыт намазды уақытша тоқтату туралы мүфтият жариялаған пәтуаға байланысты түсінік берді.

-​ Бұл жағдай елімізде, сонымен бірге, әлемде орын алған қауіпті ахуалға байланысты туындап отыр. Қазақта «Сақтансаң, сақтармын» деген керемет тәмсіл бар. Алла Тағала адам баласына оның өмірі мен денсаулығын аманат етіп тапсырған.

Қазіргі жағдайда мешіттерде жамағат болып намаз оқу уақытша тоқтатылып отыр. Мешіттерде бес уақыт азан шақырыла береді. Бірақ, бес уақыт намазды әркім өз үйінде оқығаны дұрыс.​ Сол сияқты, жұма намазын да жамағат болып оқуға әзірге шектеу қойылып отыр. Бұл пәтуа​ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің отырысында қабылданды. Мұндағы басты мақсатымыз —​ халық саулығын қамтамасыз ету, – деді.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77