«Набат» антитеррорлық операциясын кім басқарғанын білесіздер ме? Бұған дейін Қазақстан аумағында мұндай оқиғалар болған жоқ, тіпті тәуелсіздік алғанымызға небәрі үш ай болған
Терроризмге қарсы арнайы штаб құрылғанға дейін полиция тобы кепілге алынған адамдарды өз күштерімен босатуға тырысты. Нәтижесінде олардың біреуі өлтірілді, біршама жарақат алды. Қылмыскерлер де шығынға ұшырады: екеуі қалып, бірақ шиеленіс дәрежесі айтарлықтай өсті. Қаншама адамның өмірін қаруланған қылмыскерлердің бұғауынан арашалап қалған ержүрек батыр Михаил Юсупович Дәуеновтың ерлігін еске түсірсек. Ол кісі қоғам қайраткері, ҚР ҰҚК құрметті қызметкері, ҰҚК органдарының еңбек сіңірген ардагері генерал-майор.
Сонау 1992 жылы Қызылорда ауданында қаруды иемденіп, айдауылдарды өлтірген алты қауіпті рецидивист қашып кетті, олар Мәскеуден Ташкентке өлім жазасын орындау үшін пойызбен жеткізіп жатты. Бұл қылмыскерлердің жоғалтатын ештеңесі жоқ келесі қадамы жолаушылар автобусын басып алу болды. Жанармай құю және демалу үшін тұрақ кезінде жолаушылар шыға бастады. Салон жартылай бос болған кезде, қылмыскерлердің бірі қалған жолды жауып тастады. Адамдар абдырап, ашулана бастады, содан кейін агрессордың қолында тапанша пайда болды. Айтып өту керек, тұтқынға алынған жолаушылар арасында қарттар, әйелдер мен балалар да болды. Сол кезде «Набат» жауынгерлік операциясы кезінде өз өмірін қатерге тігіп, қиын келіссөздер жүргізген ұлттық қауіпсіздік органдарының офицері Михаил Дәуенов болды. Терроризмге қарсы күрестің әлемдік тәжірибесіндегі осы бірегей операция туралы кітаптар, мақалалар мен деректі фильмдер жеткілікті түрде жазылды. Десе де, қалың оқырманға генерал-майор Михаил Дәуеновтың «Өмір беттері» атты авторлық кітабы арқылы белгілі, онда генерал «Набатты» және сол жылдардағы басқа да ауыр операцияларды сипаттайды. 2021 жылы аталған кітап оның қарулас достары, әріптестері мен достарының естеліктерімен толықтырылды.
Генерал-майор Михаил Дәуенов Қызылорда және Қостанай облыстары бойынша МҚК-ҰҚК облыстық басқармаларды, Комитет аппаратындағы Орталық бөлімдерді сәтті басқарды, оның еңбегі мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды. 2000 жылдары құрметті еңбек демалысына шыққаннан бастап қоғамдық және ғылыми қызметпен жемісті айналысты, бірнеше рет қалалық және облыстық мәслихаттардың депутаты болып сайланды. Соңғы жылдары ұстаздық жолды таңдап, Қостанай мемлекеттік университетінің құқық Институтының директоры, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының толық мүшесі, профессор болып жұмыс істеді. Көптеген жылдар бойы «Құқықтық Қазақстан үшін» азаматтық қозғалысының облыстық филиалының төрағасы ретінде еңбек етті. Өмірінің соңғы күндеріне дейін Қостанай облысы бойынша ҰҚКД ардагерлер ұйымын басқарды, «ҚР ҰҚК органдарының ардагерлері» РҚБ ОО, сондай-ақ «Генералдар кеңесі» РҚБ мүшесі болды. 2020 жылдың 26 шілдесінде өмірден өтті.
– Михаил Юсупович адамдарға үлкен көңіл бөлетін. Адамгершілік принціпін алға қоятын. Мәселен, мемлекеттік қауіпсіздік органдарына қызметке қабылданғаннан кейін көп ұзамай мені КГБ (Минск қ.) жоғары курстарына жіберді. Мені МҚК ғимараты дәлізінде көрген Михаил Юсупович «сапарға дайынсың ба, үйде бәрі жақсы ма, қандай да бір көмек қажет пе?» деп сұрады, кейінде сәттілік тіледі. Бұл маған ерекше әскер қалдырды. Осы бір сәт менің әлі есімде, өйткені оның сұрақтарында шынайы қамқорлық болды. Мінберде сөйлеген сөзінде емес, адамның жаны күнделікті қарапайым істерде көрінеді. Бағыныштыларға қамқорлық жасау іспетті ағамыздың осы бір ізгілікті қасиетін мен өз бойымда дамытуға тырысамын, – деп ҚР Төрағасының бұрынғы орынбасары, генерал-майор Өсер Мизанбаев ағынан жарылды.
Михаил Дәуенов кез-келген мәселені соңына дейін зерттеп, оны соңына дейін жеткізе білді. Бастаған ісін орта жолда қалдырмаған. Достары, жақындары, әріптестері қолдап жүретін. Айналасындағы адамдармен бірден тіл табысып кететін адам болған. Биыл 5 желтоқсанда Михаил Юсупов 80 жасқа толар еді.
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77