«Мірдің оғы» Республикалық әзіл-сықақ театрларының фестивалі өтеді

«Мірдің оғы» Республикалық әзіл-сықақ театрларының фестивалі өтеді

Комментарии к записи «Мірдің оғы» Республикалық әзіл-сықақ театрларының фестивалі өтеді отключены

Сатирик-жазушы, этнограф-ғалым Сейіт Кенжеахметовтың 80 жылдығына арналып отыр

Арқалық қаласында 19-20 мамыр аралығында Арқалық қазақ жасөспірімдер театрында екі күге жалғасады.

Фестиваль Сейіт Кенжеахметовтың шығармашылық мұрасымен танысу, әзіл-сықақ театрларының орындаушылық шеберлігін шыңдау,   өңіріміздің талантты  өнерпаздарын  анықтау, әзіл-сықақ театрларының бір-бірімен тәжірибе алмасуы арқылы өнерлерін жетілдіру, «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында өткізіледі.

Қазақ әдебиетіндегі сатира жанрын дамытуға елеулі үлес қосқан айтулы сатира сардары, сықақшы, танымал фольклорист, этнограф, жазушы, Сейіт Кенжеахметовтың 80 жылдығына арналған әзіл-сықақ театрлары фестивалінеҚазақстанның Еңбексіңірген қайраткері, Президент сыйлығының, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Парасат»  орденінің игері,  ақын, сатирик Көпен Әмірбек, режиссер, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Асқар Наймантаев, Қостанай облысының әзіл-сықақ театрлары және Алматы қаласынан «Терісқақпай» әзіл-сықақ театры, Ақтөбе қаласынан «Екі Езу» сатира театры және Нұр-Сұлтан қаласынан елімізге танымал өнер майталмандарықатысады.

Фестиваль аясында театр жетекшілері үшін шеберлік сағаты өтеді. Шеберлік сағатын елімізге танымал өнер қайраткері, режиссер, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Асқар Наймантаев жүргізеді.

Сералы МЫРЗАБАЙ

 

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись