События

Музей қызметкерлері Президент күніне арнап бірқатар іс-шаралар өткізді

Шара барысында әлеуметтік желілер арқылы Елбасының өмірбаяны мен еңбек жолы туралы мәліметтер берілді

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері бірқатар іс-шаралар өткізді.

Музей қызметкерлері Қостанай облыстық Мамандандырылған Күзет Басқармасынының қызметкерлеріне ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың саяси өмір жолынан сыр шертетін фотоқұжатты жылжымалы көрме ұйымдастырды. Көрмеге музей қорынан Елбасының өмірімен және қызметімен тығыз байланысты тарихи оқиғалар жөніндегі құжаттар мен фотосуреттердің көшірмелері қойылды. Сондай-ақ Ұлт көшбасшысының «Жаңа Қазақстан» сериясынан «Лидер нации», «Қазақ елім, қазағым», «Стратегия трансформации и возрождения Евразийской цивилизации», «Қазақстан жолы» сияқты танымал ғылыми еңбектері қойылды.

Мереке қарсаңында музейдің Facebook, Instagram, Vkontakte әлеуметтік желідегі парақшаларының оқырмандары үшін Елбасының балалық шағынан бастап бүгінгі күнге дейінгі өмірі мен ел жетістіктері баяндалған «Елді өзгерткен адам» атты бейнелекторий дайындалды. Ұлт көшбасшысының Қазақстанның дамуы жолында жасаған ерен еңбегін насихаттау мақсатында аталған шара Қостанай қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне, Қарасу ауданындағы Қарамырза орта мектебінің оқушыларына, Қостанай облыстық қылмыстық-түзету жүйесі департаментінің УК-161/1 мекемесінің қызметкерлеріне және жазасын өтеушілерге қашықтықтан өткізілді.

Бақытгүл Мұратбекова,
Облыстық тарихи-өлкетану музейінің
және мәдени білім беру бөлімінің меңгерушісі


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77