Спорт

Музейде тағылымы мол «Дәстүрлі садақ ату» іс-шарасы ұйымдастырылды

Шара барысында мектеп оқушылары садақ атуды үйренді

Бүгін 16 наурыз денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған «Денсаулық күніне» орай облыстық тарихи-өлкетану музейі мергендік спортының бір түрі «Дәстүрлі садақ ату» іс-шарасын ұйымдастырды. Аталмыш шараға Қостанай қаласының дәстүрлі садақ ату клубының жаттықтырушысы Әсел Ербұланқызы мен клуб шәкірттері қатысты.

Сондай-ақ шараға арнайы шақырылған қалалық №27 орта мектебінің оқушылары садақ ату бойынша өнерлерін көрсеткен клуб шәкірттерінің ерекше қойылымдарын тамашалады.Сонымен қатар жасөспірімдер үлкен қызығушылық танытып, садақ ату бойынша қысқаша нұсқау алып, өз мергендіктерін сынады.

-Садақ ату ата-бабамыздан қалған. Қазақтың білекті батырлары кең байтақ жерімізге көз алартқан жауларымызды садақпен атып, найзамен түйреп қорғаған. Сондықтан қазақ халқы үшін садақтың орны ерекше. Бұл біздің баға жетпес мұрамыз. Сондықтан Наурыз мейрамының «Денсаулық күнінде» дәстүріміздің асылы садақ ату жайында танымдық жағы мол кеш өткізуді ұйғардық. Бұл іс-шара музейге келген мектеп оқушылары үшін де ерекше болды. Олар сапалы жасалған садақтарды көріп, оны атуды қыздарға үйретіп, шәкірт дайындап жүрген Әсел Ербұланқызымен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Кейбіреулері қолдарына садақ алып, нысанаға дәл көздеуді үйренді. Кеш өте әсерлі өтті,-дейді облыстық тарихи-өлкетану музейінің директорының орынбасары Эльмира Алшимова.

Дәстүрлі садақ ату ерекше спорт түрі ғана емес, сонымен қатар тарихқа деген сүйіспеншілік пен жастар бойында қайсарлықты қалыптастырады.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77