События

«Наурыз достарын шақырады» халықаралық би фестивалі өтті

Көрермендер үздіктерді онлайн дауыс беру арқылы анықтады

Қостанайда 21-22 наурыз күндері ІІ залықаралық «Наурыз достарын шақырады» хореографиялық шығармашылықтың on-line фестивалі өткен болатын.

Бұл ауқымды шара «рухани жаңғыру» бағдарламасы және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай орайластырылған. Айта кету керек, бұл фестивальді өткізуге бастамашы болған әлемнің көптеген еліне танымал қостанайлық «Карнавал» хореография мектебі. Би думанының Тобыл төсінде салтанат құруына мұрындық болған облыс әкімдігі мен білім және мәдениет басқармалары.

– Фестиваль өткізудегі мақсат – балалар мен жасөспірімдердің хореографиялық шығармашылығына қолдау көрсету және оны насихаттау, сондай-ақ ұлтаралық қатынас мәдениеттерін дамыту. Айтулы өнер салтанатына ТМД-ның мына елдерінен ұзын саны 36 балалар және жасөспірімдер ұжымдары қатысты. Айталық, Қазақстан, Ресей, Беларусь Республикасы, Украина, Грузия, Армения, Өзбекстан, Қырғызстан, Молдова және Луганск қалаларының өнерпаздары атсалысты, – дейді ұйымдастырушылар.

Еске сала кеткен жөн, 15 наурызда көрермен назарына фестивальдің концерттік бағдарламасы ұсынылған болатын.

Фестиваль шарты бойынша, концерт соңында 36 ұжымның әрқайсысы қазақтың «Қара жорға» халық биін орындауы тиіс-тін, сонымен қатар бұл биге өз ұлттарының баршамызға белгілі ерекшеліктері мен бірегей болмыстарын қосуға рұқсат етілді.

Фестиваль қорытындысында барлық қатысушы дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ, Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы youtube арнасында, Көрермен көзайымы» жүлдесі үшін де онлайн дауыс беру науқанын ұйымдастырды.

Нәтижесінде, бұл сыйлыққа екі ұжым лайық деп танылды. Олар – Тараз қаласынан келген «Бозторғай» ансамблі (52% дауыс) және (29% дауыс) жинаған Луганск қаласының «Барвинок» ансамблі.

«Наурыз достарын шақырады» би фестивалінің youtube арнасындағы жалпы қаралымы 4950-деп асып жығылады.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті ұсынған облыстық
көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы және
кинобейнеқор орталығының қызметкері


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77