Социум

Әнші бүлдіршініміз Нұржайна Қырғыз елінде өткен байқауда 1-ші орынға ие болды

«Вокал» номинациясы бойынша жеңіске жеткен балдырған байқау әділ-қазылар мен тыңдармандарының ыстық ықыласына бөленді

Күні кеше үкілі үмітпен Қырғыз еліне «KGтай» халықаралық байқау—фестиваліне Арқалық қаласының кішкентай әншісі Нұржайна Таубалдыны сәттілік тілеп шығарып салған едік.

Міне, бүгін көмейіне бұлбұл ұялаған, әнші бүлдіршініміз «Вокал» номинациясында 1-орынды жеңіп алды. Байқаудың қазылар алқасы мен көрермендерінің жоғары бағасы мен ыстық ықыласына ие болған Нұржайна еліміздің, оның ішінде Тобыл-Торғай өңірінің абыройын бір көтеріп тастады.

Кішкентай өнерпазды осы үлкен жеңісімен құттықтап, тек биіктерден көріне беруіне тілектестігімізді білдіреміз.

Өз тілшіміз


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77