«Nuг Оtап» партиясы облыстық филиалының XXVII кезектен тыс конференциясы өтті. Маңызды іс-шараны аймақ басшысы, облыстық филиал төрағасы Архимед Мұхамбетов жүргізіп отырды
Жиын барысында алдағы сайлаудың маңыздылығы, Елбасы, партия төрағасы айқындап берген партиялық жобалардың жүзеге асырылу жұмыстары тиянақталды.
– Қазіргі таңда еліміздегі ең беделді және қуатты саяси күш – «Nur Otan» партиясы үшін тарихи кезең. Партия Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігінің кезектен тыс XIX Съезін шақыру туралы Қаулыға қол қойды.Қаулыға сәйкес Съез Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылдың 23сәуіріндеөтеді. Осыған орай біз бүгін күн тәртібіндегі мәселелерді қарастыру үшін партия облыстық филиалының конференциясын өткізуге арнайы жиналып отырмыз,- деп атап өтті облыс әкімі Архимед Бегенжанұлы.
«Халыққа көмек», «Бақытты отбасы», «Ауыл — ел бесігі», «Құтты мекен» тәрізді жаңа жобалар партия жұмысының басты бағдарына айналмақ. Елбасы 2030 жылға дейінгі партия бағдарламасына қатысты нақты жоспарды дайындауды және жаңа үлттық төрт жобаны тиімді жүзеге асыруды да нықтап тапсырғаны белгілі. «Партияның кадрлық резерві мемлекеттік басқарушы органдардың кадрлық негізін қүрайтын өзекті жүйеге айналуы тиіс. Өңірде осы бағытта кешенді жұмыс жүзеге асырылуы тиіс» деді облыстық филиал төрағасы.
Қазіргі таңда өңір ауылшаруашылық, тұрғын үй құрылысы тәрізді бірнеше сала бойынша республика көлемі бойынша алдыңғы лекте тұр. Бұл облыстың соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқанын айқын көрінісі.
– Өткен жылдан бері өңірде 2000-нан астам отбасына тиісті көмектер көрсетілді. Оның ішінде мұқтаж жандар баспанамен қамтылды. Осы ретте облыс кәсіпкерлері белсенділік танытқанын айтып өткен жөн. Игілікті іс үстіміздегі жылы да жалғасады деп сенемін. Биыл көп балалы отбасыларына 102 пәтер сатып әперу және құрылысы үшін бюджеттен 900 млн теңге бөлінді. Алдағы уақытта Қостанай, Лисаков, Рудный қалаларында тұратын көпбалалы отбасыларға пәтер беріледі. Мұндай жұмыстар аудандар мен қалаларда да көрініс табуы тиіс, -деді А.Мұхамбетов жиын үстінде.
Жиында партияның белсенді мүшелері де сөз алды. Олар партиялықтардың Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы шешімін толығымен қолдайтындықтарын айтуда.
– Біздің саяси ұйым Елбасы анықтап берген жаңғыру жұмыстары мен еліміздің қазіргі даму қарқынының әрі қарай сақталуы үшін жұмыс істейді. Тұңғыш Президентіміздің тікелей бастамасымен қолға алынған ауқымды экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани жаңғырулар партия мен мемлекетіміздің алдағы жұмыс бағыттарының негізгі басымдығы болып қала береді. Сайлау еліміздегі тұрақтылық пен бірліктің одан әрі күшеюіне оң әсерін тигізіп, халықты Елбасының саясаты аясында жаңа мақсаттарға жетелейді деп сенеміз, – дейді Қостанай облыстық мәслихатының депутаты, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ ректоры Алма Дощанова.
«Nur Otan» партиясы «ССҚӨБ» АҚ аудандық филиалы төрағасының орынбасары Александр Макаренко да, бірпартияласының сөзін қостады. Жиын соңында алда өтетін Съезге қатысатын делегаттар іріктеліп, сайланды.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77