Өңір бойынша ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы қаралды
Облыстық білім басқармасының басшысы Зәуре Байменова баяндама барысында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының облыстық жоспарына 3 индикатор, 21 көрсеткіш және 97 іс-шара кіретінін атап өтті.
– Мектепке дейінгі білім беру бойынша облыстық жоспарда 1 индикатор, 1 көрсеткіш және 10 іс-шара қарастырылған, олардың барлығына қол жеткізілді. Балабақша кезегін шешу үшін ағымдағы жылы 1166 орын пайдалануға берілді. жыл сонына дейін тағы 510 орын пайдалануға беріледі. Бұл жоспарлы көрсеткіштен 326 орынға сәл асып түседі, – деп атап өтті Зәуре Байменова.
Басқарма басшысы бұл бағыттағы жұмыстардың жалғасатынын айтты. Осылайша, 2021-2023 жылдарға арналған «Жұмыспен қамтудың жол картасына» құрылыс пен қайта құру жұмыстарына 5,2 млрд теңге бөлінген. Мемлекеттік бағдарлама аясында Қостанай қаласынжа 280 орындық 5 балабақша пайдалаунға беріледі.
– Ал, жалпы орта білім беруде облыстық жоспарға 1 индикатор, 6 көрсеткіш және 25 іс-шара енгізілді. 6 көрсеткіштің 4-ә іске асырылды, қалған екеуі келер 2021-2022 жылға жоспарланып отыр, – деді білім басқармасының басшысы.
Басқарма басшысы қашықтан оқыту білім беру сапасына әсер еткенін айтты. Басқарма осыған байланысты «халықаралық оқушы қабілетін бағалау бағдарламасы» қағидаты бойынша функционалдық сауаттылықты дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуде.
Жиында маман мәселесі де баяндалды. Облыстық жоспарда кадр мәселесі бойынша 2 көрсеткіш және 12 іс-шара қарастрылған. Мектепке дейінгі арнайы білімі бар педагогтердің үлес көрсеткіші 7,5%-ға асыра орындалған.
– Екінші көрсеткіш бойынша, яғни, «педагог-шебердің», «педагог-зерттеушінің», «педагог-сарапшының» және «педагог-модератордың», «біліктілік деңгейі бар педагогтердің үлесі» нақты 46%-ды, ал жоспар 50% болуы керек еді. Бұл көрсеткішке карантинге байланысты біліктілік тестілеуінің тоқтатылуына орай қоол жеткізілмей қалды. Қыркүйек айында тестілеу қайта басталды, қазір 700-ден астам педагогке санат беру рәсімі жүріп жатыр. Осыған байланысты жоспарды асыра орындау күтілуде, – деді Зәуре Байменова.
Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов ағымдағы жылы білім беруді қаржыландыруға 122,8 млрд теңге бөлінгендігін атап өтті.
– Оның ішінде, 133 білім беру нысанына күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізуге 11,2 млрд теңге бөлінді. Компьютерлік техниканы сатып алу және кітап қорын жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілді, – деп жазды аймақ басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетеу керек, Қостанайдың «Юбилейный» шағын ауданында мемлекеттік және орыс тілінде оқытатын тағы бір 1200 орындық мектеп пайдалануға беріледі.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсірген Бердіболат Көркембаев
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77