Социум

Облыс әкімі облыстық мәслихат депутаттарына есеп берді

Қостанай облысы әкімі облыстық мәслихатының депутаттарына өзіне жіктелген функциялар мен міндеттерін орындау бойынша есеп берді

– Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелеріне, оның ішінде халықтың табысы мен өмір сапасына оң әсер етеді, – дейді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Әлеуметтік экономика көрсеткішетері, жасалып жатқан немесе жоспарланған жобалар, ауыл шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту, құрылыс, сумен жабдықтау, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет салалары бойынша есеп берді. Мысалы, білім беру саласына байланысты былай айтылды:

– Ағымдағы жылы білім беру саласына 177,0 млрд теңге қаражат бөлінді. Алдынғы жылға қарағанда 17,1% – ға өскен. Ағымдағы жылы 1 980 орынға арналған 3 мектеп пайдалануға беріледі. 2 мектеп «Береке» және «Қонай» шағын аудандарында 980 және 900 орынға арналған, сондай-ақ Қостанай ауданының Еңбек ауылында 100 орынға арналған мектеп. «Юбилейный» шағын ауданында мектеп жасындағы балаларға арналған Смарт орталықтың құрылысы аяқталу сатысында, – деп атап өтті облыс әкімі.

Шақырылымның соңғы жағында депутаттар өздерін мазалайтын және есепке байланысты сұрақтар қойды. Олар, жылумен қамтамасыз ету бойынша, ауыл шаруашылық саласы бойынша, жастарға арналған бағдарламалар жайында сөз қозғады.

Аяжан СЕРІК
Фотоны түсірген Лариса БОЖКО


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77