Культура Новости

Облыстық кітапханада «Абай дана – Абай дара қазақта» деп аталатын көрменің ашылу салтанаты өтеді

Екі бөлімнен тұратын көрмеде Абайдың өмірі мен шығармашылығына байланысты деректер қойылады

Үстіміздегі жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы еліміздің түкпір-түкпірінде аталып өтілетін болады. Қостанай қаласында да осы атаулы дата барлық мекемелерде жоғары деңгейде ұйымдастырылмақ.

Біз арнайы бассұққан Л.Толстой атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының қызметкерлері 28 қаңтар күні «Абай дана – Абай дара қазақта» деп аталатын көрмені салтанатты түрде ашатын болады. Мұнда облыстық мәдениет басқармасының өкілдері, зиялы қауым, ЖОО-ның студенттері мен тұрақты оқырмандар қатысады.

Көрменің ашылу барысында, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің өнерлі студенттері Абайдың өлең жолдарын мәнерлеп оқып, ән де шырқайды.

Дана Абайдың өмірі мен шығармашылығы жайында сыр шертетін екі бөлімнен құралған көрмеге қала тұрғындарын шақырамыз.

– Қазіргі таңда Абайдың шығармашылығына да қызығушылық артты. Мәселен, Абайдың қара сөздерінің жинағын табу қиын. Әсіресе, Абай атамыздың адамгершілік, парасаттылық, біліділік туралы құнды қара сөздерін оқитындар өте көп. Өйткені, бұл баға жетпес қазына. Сондай-ақ қазақ әдебиетіндегі ең құнды көркем дүниелердің бірі Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазіргі жастар қайтадан Абайды оқуға ден қойғандай.

Жеңіл-желпі дүниелерге қызыққан жастар енді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» деп аталатын мақаласымен танысқаннан кейін ғұлама Абай атамыздың шағырмашылығына бет бұрып, оның өлеңдерінің мағынасына ден қоюда,-дейді аталмыш кітапхананың кітапханашысы Гүлнар Сыздықова.

Міне, осыдан кейін бізде Абайдың «Өкінішті көп өмір кеткен өтіп…» деп аталатын жыр жауһарлар жинағын қолға алдық. Өйткені, Ұлы Абайды оқитын қоғамның сауатсыз болмайтынын білеміз.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77