Көрме кітаптары ауық-ауық жаңартылып, пайдаланушыларға жыл бойы қызмет ететін болады
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылды Тәуелсіздіктің 30 жылдығы ретінде жариялады. Сол себептен осы жыл еліміз үшін айрықша, мерейлі де, мерекелі жылдардың бірі болмақ.
Мерейтой қарсаңында, Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық кітапхана ішінен «Әлемнің ғажап елі – қасиетті Қазақ елі» атты кітап көрмесінің тұсаукесері өтті.
Салтанатты жиынға Қостанай облысы мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов, ҚР Жазушылар одағы Қостанай филиалының директоры Жанұзақ Аязбеков, заң ғылымдарының докторы Сергей Жалыбин қатысты.
– Биыл ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы, оны егемен еліміздің өміріндегі тағы бір мерейлі белес деп айтуға болады. Күні кеше жарияланған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тақаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында, біздің бүгінгі егемендігіміздің маңызы тереңінен баяндалған. Шын мәнінде еңсесі биік, абыройы асқақ, мерейі үстем мемлекет құрып, соның аясында өзіміздің тату-тәтті тіршілігімізді жасаудамыз. Көрмеде тәуелсіздік жылдарында еліміздің жеткен жетістіктері жайлы көптеген мәліметтер қойылған. Кітапхана оқырмандары жыл бойына көрме барысымен танысып, ел тарихына қанық болады деп сенеміз, – деп атап өтті Ерлан Болатұлы.
Көрме төрт бөлімге бөлінген. Бірінші бөлім «Ұлы Дала Елі – Мәңгілік ел», онда ел тарихынан, мәдениетінен, жетістігінен сыр шертетін кітаптар қойылған. Қайдар Алдажұмановтың «Қазақстан тарихы» кітабында – саяси тарих, әлеуметтік-экономикалық құрылыс, халықтын көші-қоны, әкімшілік-аумақтық бөлініс пен рухани мәдениеттің, калалар мен сауданың дамуы жөніндегі аса манызды проблемалар қарастырылады.
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстананның қоғамдық-саяси дамуына ерекше көніл бөлінеді. «Бабалардан қалған құнды мұра» атты екінші бөлімнің кітаптарымен таныса отырып біз қазақ халқының тарихын біліп, еліміздің ежелден келе жатқанына куә боламыз.
«Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» атты үшінші бөлім мемлекеттік рәміздерге арналған. Еліміздің көк туын күллі әлем жақсы қырынан таныды. Байрақты жілбіретіп Қазақ елін жаһанға танытып жүрген ұл-қыздар да аз емес.
Соңғы төртінші бөлім, «Тұғыры биік – Тәуелсіздік» деп аталады. Онда ұлт жоспарын айқындайтын, дамуды ілгерілеттен кітаптар жинақталған.
Көрме ауық-ауық жаңартылып, пайдаланушыларға жыл бойы қызмет ететін болады.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсірген Әбіл ДОЩАНОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77