Здравоохранение Новости

Облысымыздың емханалары алдағы екі айдың ішінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшеді

Алайда, бүгінде облыс бойынша 30 мыңа жуық адам сақтандырылмаған, оның 16 мыңы сақтандыру жарнасын төлеуден бас тартып отыр

Осыған байланысты Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Қонысбайұлы өңір тұрғындарымен қосымша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін сақтандыруды еңгізу жөніндегі облыстық басқармаларға тапсырма берді.

– Желтоқсанға дейін оларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың маңыздылығын жеткізу керек. Өйткені, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауруханаларға жүгінген кезде келеңсіз мәселелер туындай бастайды, – деді Марат Жүндібаев.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма басшысы Нұрлан Қасымов баяндама жасап, жаңа жүйеге биыл қыркүйек айында көшкен Қарағанды облысында кездеске кедергілерді мысал етіп, олардың алдын алу шараларын ұсынды.

– Облыс үшін әлеуетті жеткізушілердің деректер базасында 84 денсаулық сақтау субъектілері тіркелген. Қостанай облысының филиалы 2019 жылға арналған медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында 61 жеткізушілермен келісімшарттар жасады, оның ішінде мемлекеттік – 42, жеке меншік – 19. Менің ұсынысым, медициналық ұйымдарды компьютерлендіру, ғаламторға қосылу тетіктерін жетілдіру қажет. Медициналық ақпараттық жүйелерді енгізу жұмыстарын күшейтуі керек, – деді әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарушы директоры Нұрлан Қасымов.

Сондай-ақ, жыл соңына дейін облыс емханалары мен ауруханалардағы қабылдау орындарына тұрғындарға сақтандыру жарнасын оңтайлы төлеуге мүмкіндік беретін арнайы терминалдар орнатуды қолға алмақ.

Келер, 2020 жылы Қостанай облысы денсаулық сақтау жүйесін 53,7 миллиард теңге көлемінде қаржыландыруды жоспарлап отыр.

Егер медициналық ұйымдарда, медициналық ақпараттық жүйе болмаса, 2020 жылдан бастап Қор осындай жеткізушілермен келісім жасасудан бас тартуы мүмкін. Ал, біздің облыста әлі күнге дейін талапқа сай емес ұйымдар бар.

– Біз олармен жұмыс істейміз, мәселені екі-үш аптада шешеміз. Жалпы, 2018 жылы компьютерлік техниканы сатып алуға және интернетке қол жетімділікті қамтамасыз етуге облыстық бюджеттен 469 млн теңге бөлінді. Оның ішінде компьютерлерде 1427 бірлік. – 338 млн, интернетке қосылу үшін – 131 млн теңге бөлінді. Нәтижесінде денсаулық сақтау ұйымдарының интернетке қол жетімділігі 95,8%-ті құрады, компьютерлік техникамен жарақтандыру – толық 100%, – екендігін айтты Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Вячеслав Дудник.

Сералы МЫРЗАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77