События

Облысымыздың кішкентай өнерпаздары республикалық байқаудан қос Гран-примен оралды

Өткен аптада Астана қаласында Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында “Creative Awards” атты көп жанырлық өнер байқауы өтті

Байқау аспаптық өнер, вокал, хореография номинациялар бойынша өткізілді. Аталмыш байқауға “Art Sport” бағдарламасы арқылы жұмыс жасайтын “Айсұлтан” өнер мектебінің өнерлі жастары өз бақтарын сынап көрді.

⠀- Республикалық “Creative Awards” байқауына алғаш қатыстық, жалпы кең көлемді бауқауға бірінші рет шығуымыз. Бұл байқауға Астана, Алматы, Жезқазған, Семей, Көкшетау, Павлодар және т.б қалалардан өнерлі өрендер өз бақтарын сынады. Соның ішінде біз Қостанай қаласының атынан вокал және аспаптық өнер жанры бойынша бақталастық. Қазылар алқасы өңіріміздің өнерлі балаларын ерекше бағалады. Төрелік жасаған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Атымтаева Алья ханым, “Folk show orchestra” дирижері Жазбаны Әділет мырза және Астана қаласы Өнер университетінің докторанты Қаракенова Дилара ханымдар болды. Бұл кісілер тіпті алқалық жасап отырып, біздің өнерпаздарымызды инстаграм желісіне салып тамсанып отырды. Вокал жанры бойынша екі I орын, кіші топ ішінен үш кішкентай қыздарымыз Гран-при иеленді. Аспаптық өнер жанры бойынша қатысушылар түрлі аспапта ойнады. Біз 8 бала, орта топ бойынша ансамбль ретінде қатыстық. Байқауда атақты композиторлардың шығармаларынан композициалық екі дауыста попурри ойнадық. Осыдан 2 жыл бұрын “Айсұлтан” өнер мектебі Заречный ауылында филиалын ашқан болатын. Сол уақыттан бері домбыра және домбырамен ән салу үйірмесінен сабақ беріп жүрмін. Үйірмеге қатысып жүрген балалары саны өсуде, соның ішінде домбыра аспабын меңгергесі келетін дарынды балалардың қызығушылығы артуда. Жоғарыда айтып өткенімдей екі жылдан бері түрлі бауқауларға қатысу үшін алдымен өнерімізді шыңдап, біраз дайындық жасап еңбектендік. Соның арқасында деп ойлаймын, бірінші байқауымыздан бірден Гран-при иелендік. Бұл әрине, тек бастамасы . Біздің өнерлі өрендеріміз жеңістің дәмін сезіп үлкен мотивация алды және болашақта тіпті басқа мемлекеттерге барып, бауқауларға қатысуға мақсат қойып, өздерін шабыттандырып жүр. Оған ұстаз ретінде қатты қуанам тіпті өзім де шәкірттеріме қарап мотивация аламын, – деді жетекші Айжан Санай.⠀

Еліміздің әр өңірінен келген өнерлі жастар арасынан суырылып алға шыққан өнерлі жастардың нәтижесі төмендегідей.

Байқау нәтижесі бойынша “The Aйс” домбырашылар ансамблі – Гран-при, сондай-ақ, ақшалай жүлдеге ие болды. Вокал номинациясы бойынша: “Fairies” триосы- Гран-при. Бекбаева Асыл 1 орын, “Бегім” триосына 1 орын бұйырды.

Жан ШАЙМЕРДЕН, суреттерді ұсынған Айжан САНАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77