Облысқа өзге өңірден 600-ден астам отбасы қоныс аударды

Өңірде қоныс аудару бағдарламасы шеңберінде көшіп келушілерді қабылдау жалғасып жатыр.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының дерегіне сәйкес, биылғы жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша өңірлік квотаға 600-ден астам адам енгізілген. Бағдарлама еңбек ресурстарының қозғалысын арттырып, маман тапшылығы бар өңірлерді қажетті кадрлармен қамтамасыз етуге бағытталған.

– Қоныс аударушы отбасы арнайы бекітілген тізім бойынша тұрғылықты мекенін өз бетінше таңдайды. Қандастардың 92%-ы Өзбекстан Республикасынан келген. Ал еліміздің Оңтүстік өңірлерінен қоныс аударушылар негізінен Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарынан келуде, – деп хабарлады Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан.

Ерікті қоныс аудару ережелеріне енгізілген өзгерістерге сәйкес, биыл экономикалық ұтқырлық сертификаты бойынша төлем көлемі 1625 АЕК-ке дейін ұлғайтылған. Сонымен қатар отбасының әр мүшесіне көшуге байланысты материалдық көмек ретінде 302 750 теңгеден беріледі. Ал тұрғын үй жалдау шығындарын өтеу үшін, 1 жылға дейінгі мерзімге ай сайын қаржылай көмек 15-30 АЕК аралығында белгіленген.

Назгүл Азатқызы, сурет «Наш Костанай» газетінің мұрағатынан алынды

 

РЕКЛАМА

НАШИ ПРОЕКТЫ

Edit Template

ТОО «Газета «Наш Костанай»

Копирование и перепечатка материалов ограничена. С условиями использования материалов сайта «Наш Костанай» можно ознакомиться по ссылке.




контакты

Адрес редакции:
110000 г. Костанай,

пр. Аль-Фараби, 90

Телефон/факс 
8 (7142) 54-27-53.
Email: gazeta@top-news.kz

Яндекс.Метрика




партнеры

tobolinfo-logo-new-1
log3
qm_01

Газета «Наш Костанай» © 1990 – 2026.