Қостанай қалалық мәслихатына Қостанай қаласының құрметті 9 азаматынан Қостанай қалаласының Василий Чекмарев көшесін Орал Мұхамеджанов атына беру жөнінде өтініш келіп түсті

Қостанай қалалық мәслихатына Қостанай қаласының құрметті 9 азаматынан Қостанай қалаласының Василий Чекмарев көшесін Орал Мұхамеджанов атына беру жөнінде өтініш келіп түсті

Комментарии к записи Қостанай қалалық мәслихатына Қостанай қаласының құрметті 9 азаматынан Қостанай қалаласының Василий Чекмарев көшесін Орал Мұхамеджанов атына беру жөнінде өтініш келіп түсті отключены
Загрузка...


Сондай-ақ, бұл ұсынысқа 400-ге жуық белсенді топ қолдау білдірген

Оның ішінде №15 мектеп ұжымы және Орал Байғонысұлы 1964-67 жылдары білім алған қазіргі Қостанайдағы Жоғары экономикалық колледж ұжымы мен студенттері бар

Орал Мұхаметжанов білім алған қазіргі Жоғары экономикалық колледж директоры бұл ұсынысқа қолдау білдіретіндігін жеткізді. Сонымен қатар, колледж директорының айтуы бойынша оқу орын ішінен Орал Мұхамеджанов атындағы аудитория ашылған.

– Біздің колледж ұжымы мен студенттері Қостанай қаласынан Орал Байғонысұлы атына көше беру жөнінде ұсыныс білдірдік, алайда қандай көше екендігін көрсетпедік. Орал Мұхаметжанов өзі білім алған оқу орынмен көзі тірісінде байланысын үзген емес. Ол кісінің туғандары әлі күнге дейін Орал Байғонысұлы атына әр жыл сайын шәкіртақы тағайындап, Есеп және аудит мамандығы бойынша бір студенттің тегін білім алуына жағдай жасап келеді. Орал Байғонысұлы Қостанай өңіріне әрқашан жақсы көңіл бөліп келді, барынша жәрдемдесіп тұрды. Ол кісінің өзін-өзі ұстауы, адамгершілігі жоғары дәрежеде болатын, тағыда айтарым ол кісі көркем дауыс иесі болатұғын. Ол кісінің Қазақстанның өсіп-өркендеуіне қосқан еңбегі үшін бір көше туған елінен бергеніміздің еш оғаштығы жоқ, – дейді облыстық мәслихаттың депутаты, Жоғары экономикалық колледж директоры Алтынбек Байгабелов.

Жоғары экономикалық колледж студенттерінің бірі Карина Болатқызыда өз пікірімен бөлісті.

– Мен, Орал Байғонысұлы білім алған оқу орында оқып жатқандығымды мақтан тұтамын, ол кісіні үлгі етемін. Алдағы уақытта Орал Мұхаметджанов атына Қостанай қаласынан көше беру ұсынысын толық қолдаумын. Ол кісінің еңбегі ерең, атқарған қызметтері ауқымды деп білемін. Мен сол кісі секілді еліміздің көркеюіне өз үлесімді қосқым келеді, – дейді Карина Болтатқызы.

Қалалық мәслихаттың хабарлауынша, өтінішке сәйкес 2019 жылдың 5 қарашасында Қостанай қалалық мәслихаты тұрақты депутаттық комиссияларының бірлескен отырысы өткен. Тұрақты комиссиялардың отырысында Қостанай қаласының Василий Чекмарев көшесін Орал Мұхамеджанов көшесіне қайта атау бойынша Қостанай қалалық мәслихатының көпшілік тыңдауларын өткізуге дайындық мәселесі қаралды. Қостанай қалалық мәслихатынының регламентіне сәйкес тұрақты комиссиялар қарауына жатқызылған аса маңызды және қоғамдық маңызы бар мәселелерді талқылау мақсатында көпшілік тыңдаулар өткізіледі. Көшелерді қайта атау мәселесі осындай мәселелер қатарына жатады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қала көшесін қайта атау қоғам пікірін зерделеуді талап етеді. Халық пікірі мәслихаттың тұрақты комиссиялары өткізген көпшілік тыңдаулары негізінде ескеріліп, хаттамамен ресімделеді, хаттама Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылады және газет бетінде жарияланады. Одан кейін хаттама қорытынды алу үшін Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Республикалық ономастикалық комиссиясының қарауына жолданатын болады.

Айта кетейік, Орал Байғонысұлы Мұхамеджанов 1948 жылғы 11 қарашада Қостанай қаласында туған. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, 3-4 сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы. Оның еңбегі мемлекет тарапынан жоғары бағаланып, «Құрмет», «Парасат» ордендерімен және бірқатар медальдармен марапатталды.
Естеріңізге сала кетейік, көше атауын беру мәселесі бойынша ағымдағы жылдың 14 қарашасында сағат 10:00-де Пушкин көшесі, 98 мекенжайы бойынша, шағын мәжіліс залында Қостанай қалалық мәслихаты көпшілік тыңдаулар өткізеді.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Loading...

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись