События

Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметовтың халықпен есеп беру кездесуі онлайн форматта өтті

Қалада 2 мыңнан астам жаңа тұрақты жұмыс орындары құрылған

Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметовтың халықпен есеп беру кездесуі онлайн форматта өтті. Ол қаланың 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына шолу жасап, осы жылға құрылған жоспарлармен таныстырды.

Қала әкімі елдегі қиын жағдайға қарамастан, 2020 жылы халықтың әл-ауқатын жақсартуға, бизнесті дамыту үшін мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жұмысы кең ауқымда жүргізілгенін айтты.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 652,1 млрд теңгені құраған.

– Жыл басынан бері Қазақстанда 75 мыңнан астам көлік құралы өндірілді. Олардың жартысынан көбі яғни, 53,2%-ы Қостанайдағы “СарыарқаАвтоПром” зауытына тиесілі, 2020 жылы кәсіпорын 40 мың бірлік автомобиль, автобус және коммерциялық техника шығарды. Бұл көрсеткіш зауытты қазақстандық автоөнеркәсіпте жетекші орынға шығарды, – деді Қайрат Ахметов.

Бұдан бөлек, 344 бірлік астық жинау комбайндары, 316 мың тонна арматураланған прокат, 547 мың тонна ұн, 46 мың тонна кондитерлік өнімдер, 65 мың тоннадан астам сүт және кілегей өндірілгенін айтты.

– Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезеңінде индустрияландыру картасы шеңберінде қалада жалпы инвестиция көлемі шамамен 79 млрд теңге болатын 31 жоба пайдалануға берілді, 2 мыңнан астам жаңа тұрақты жұмыс орындары құрылды. Қазіргі уақытта 3000-нан астам жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 262, 6 млрд теңгеге 8 ірі инвестициялық жобаны іске асыру жүргізілуде, – деді Қайрат Ахметов.

Индустрияландыру-кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде, “BEEFEXPORT GROUP” ЖШС – Солтүстік өнеркәсіптік аймақта ет өңдеу кешенін салу, “KamLitKZ” ЖШС – жылына 50 мың тонна құйылған автоқұрамдауыштар шығаратын шойын құю зауытын салу, “TobolKZ” ЖШС – жылына 86 мың данаға дейінгі қуаты бар жүк автомобильдерінің жетекші көпірлерінің бас беріліс редукторларын шығаратын зауыт салу, “TEHNOPARK KZ” ЖШС-жылына 1 500 дана коммуналдық техника шанақтарын, қондырмаларын шығаратын зауыт салу, “Агромаш Холдинг KZ” АҚ – “Агромашхолдинг KZ” АҚ аумағында бизнес-инкубаторды орналастыру жоспарланып отыр.

Оның ішінде 2 жобаны ағымдағы жылдың 1 тоқсанында пайдалануға беру жоспарлануда.

– Жыл қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 105,3 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 24% жоғары, – деді қала басшысы.

Негізгі үлес 53,2%-бен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаражатына тиесілі. Бұл бизнестің инвестициялық белсенділігін және өңірдегі қолайлы инвестициялық ахуалды көрсететіндігін айтты.

Сералы Мырзабай


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77