События

Қостанай қаласының орталығындағы бас шыршаның шырағы жағылды

«Әуежай» ықшам ауданында да шырша шамы жарқырады

Қостанайда қала орталығына орнатылған бас шыршаның шамын жағу рәсімі өтті. Биылғы шырша шамын жағу үрдісі бұрыңғыдан өзгерек болды. Себебі жылдағыдай мерекелік бағдарлама болған жоқ.

Осы уақытқа дейін әлеуметтік желіден хабарланғандай қала қонақтары мен тұрғындарына орталыққа көптеп жиналмай, үйден шырша жағу челенджін қолдауға шақырған болатын.

– Елдегі індетке орай шырша шамын жағу  рәсімін қарапайым түрде өткіздік. Жылдағыдай сән-салтанаты жарасқан мерекелік бағдарлама ұйымдастырылған жоқ. Өздеріңіз білетіндей «шырша шамын үйден бірге жақ» челенджін бастаған болатынбыз. Әлеуметті желіден сараптай келе шараға белсенді атсалысқан қатысушға шағын сыйлық жасайтын боламыз, – дейді ұйымдастырушылар.

– Орталықта тұрғандықтан шырша шамын жағу рәсіміне арнайы отбасымызбен келдік. Көріп отырмыз, жылдағыдан өзгеше тыныш күйден өтті. Оны да түсінуге болады, көп адамдар науқастанып жатыр. Ауырып жатқандарға тезірек жазылып кетулеріне тілектеспін. Аты жаман індет өткен жылмен бірге кетіп, жаңа жыл барлық отбасыға бақыт, шаттық әкелсін, – дейді Маратовтар отбасының отағасы.

Кешкі 19:00-де «Әуежай» ықшам ауданында да орнатылған шырша шамы жағылды. Ондағы аудан тұрғындары «Кереуен» саябағының алдына орнатылған шырша маңына жиналды.

– Осы жыл барша халыққа оңайға тиген жоқ. Дегенменде, бар жамандық өтіп бара жатқан жылмен бірге кетсін деп тілейік. Әуежай ауданында жаңа жылдық шыра шамының жағылу рәсіміне арнайы жанұямызбен келдік. Балаларымыз көңіл көтерсін деп.  Тұрғындар да қуанышты. Барлығы тек жақсы болсын, – дейді Ахметбековтар отбасының отағасы.

Жоғарыда айтып өткендай, мерекелік бағдарлама ұйымдастырылған жоқ, шырша маңына жиналған адамдарды полиция қызметкерлері қадағалауда.

 

Сералы МЫРЗАБАЙ

Суретті түсірген Әбіл ДОЩАНОВ

Бағдат АХМЕТБЕКОВ   

 


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77