Өткен семинарда келесі мәселелердің бірі медициналық сақтандыру жарнасы бойынша сұрақтар болды. Жарналарды уақтылы аудармайтын ақшасы жоқ кәсіпорындар бар. Сол жерде жұмыс істейтін мамандардың бірнеше ай бойы медициналық сақтандыруы төленбейді.
Яғни, олар ауырып қалған жағдайда емхана аурухана парағын аша алмайды.
– Ия, кәсіпорында ақша болмай, қиын-қыстау кезең болуы мүмкін. Бірақ неліктен қарапайым халық зардап шегуі тиіс. Кейін кәсіпкер осы жағдай үшін қандай да бір айыппұл төлейді. Ал оның қарамағындағы жұмыскер емделе алған жоқ. Бұл менің ағамда болған жайт, – деп бөлісті қала тұрғыны.
Қостанай облысы бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының халықты ақпараттандыру бөлімнің бас сарапшысы Тимур Ақжанов осы жайында толығырақ айтып берді.
– Ашық аурухана парақтарына келетін болсақ. Медициналық сақтандыру аурухана парағының ашылуында ешқандай рөл атқармайды. Аурухана парағы барлығына ашылады. Егер сіздің құқықтарыңыз тапталса, пациенттерге қолдау көрсету байланысы бар. Егер бұл мәселе емхана деңгейінде шешілмесе, сіз 1414 бірыңғай байланыс орталығына жүгіне аласыз немесе Qoldau-24/7 мобильді қосымшасы бар. Қосымша арқылы немесе байланыс орталығына келіп түскен барлық өтініштер тіркеледі және бізге тікелей жұмысқа түседі, – дейді маман.
Мұндай оқиғалар тек бір адамда ғана емес. Көптеген қала тұрғындарында кездескен.
– Екінші ақпанда менің қызым емханаға барды, оны ешкім қабылдамады. Олар қаңтар айындағы аударымдар жоқ дейді. Бізде заңнама бойынша жалақы 10 ақпанға дейін беріледі. Бізге тек айдын басында табель тапсырылады. Қаңтар айы үшін төлемді қалай жасауға болады? Сондықтан менің айтарым, емханада отырған қызметкерлер әлі жоқ нәрсені талап етеді, оларға мән-жайды түсіндіру керек тәрізді.
Медициналық сақтандыру жүйесі бойынша емханаға бару кезінде соңғы 12 күнтізбелік ай төленуі қажет. Көбінесе мұндай сұрақтар адамның осы жұмыс берушіде бір жылдан аз уақыт жұмыс істейтіндігіне байланысты туындайды. Жалпы сұрақтарды Қостанай облысы бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалы Әл-Фараби даңғылы-65, 815 – ші кабинетте орналасқан. Жұмыс телефондары: 990 545, 990 544.
Егер сіздерде МӘМС бойынша қандай да бір мәселе туындаса, хабарласуға болады.
Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген Лариса БОЖКО
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77