Көрмеге Құрылыс колледжі педагогтерінің 60-тан аса салған суреттері қойылған
Қаламыздағы Қостанай құрылыс колледжі оқытушыларының «Шығармашылық қуаты» атты көрмесі ашылды.
Көрмеге 60-тан астам шығармашылық жұмыстар қойылды. Олардың авторлары Құрылыс колледжінің дизайн, кескіндеме, сурет, түс тану сияқты арнайы пән оқытушылары.
Негізгі оқытушылық қызметтен басқа, ұсынылған авторлардың әрқайсысы бос уақытында өзінің сүйікті өнер түрімен айналысады. Экспозицияда көрермен әр түрлі стильде шығармашылық жұмыстарды тамашалай алады. Туындылардың салыну әдістері мен жанрлары бір біріне ұқсамайды. Олардың әрқайсысы жеке қолжазбаның ерекше энергиясына толы.
Әр суретшінің өз жанына жақын бағыты бар. Мысалы, Дархан Жақсалықұлы қарындашпен графикалық портреттері салғанды ұнатады. Лиана Вячеславовнаның негізгі бағыты акварельді пейзаждық композициялар.
– Біз педагогика саласында жүргеннен кейін шығармашылыққа бар көңілімізді бөле алмаймыз. Сурет салумен тек кешкі бос уақытымызда ғана айналысамыз. Бұл көрмеге біз бір жыл дайындалдық. Осы көрмені өткізуді мақсат етіп әрқайсымыз жаңа туындылар жасауға кірістік. Сол аралықта 60-қа жуық сурет жинадық. Мына кесте суреті аяқ астынан салынды. Мен қыс мезгілін ұнатпаймын, себебі қыста дала күнгірт, салқын, және қанық түстер жетіспей тұрады. Қыс уақыты тез өту үшін осы түрлі түсті жазды шақыратын қыз бейнесін салдым. Жұмысты бір айдай уақыт жасадым, – дейді арнайы пән мұғәлімі Лиана Бодажкова.
Көрмені ұйымдастырудағы басты мақсат – Қостанай тұрғындары мен қонақтарына өлкеміздің суретшілерін таныстыру, сурет өнерін насихаттау дейді ұйымдастырушылар.
Дизайн мамандығы ашылғанына 10 жылға толар толмас уақыт өтсе де, осы сала мұғалімдері мен студенттердің жұмыстары Республикалық, халықаралық деңгейдегі байқауларда жемісті нәтиже көрсетіп келеді.
Көрмеге танымал суретші, ҚР суретшілер одағының мүшесі Александр Васильевич қонақ болды. Суретшінің картинкалары әлемннің бірнеше елдерінің көрмесіне қойылған. Ол өзі төрт жасынан сурет салуға әуестенгенін айтады. Дизайнер мамандығында оқитын студенттер мен мұғалімдері. Александр Васильевичтан шеберлік сабағын алсақ дейді.
Қылқалам шеберлері әр мезгілдің өзіне тән сұлулығын ерекше көре білген. Көрме қабырғасы қанық бояу мен айтар ойы анық картиналарға самсап тұр.
Айгерім ТӨЛЕПОВА,
Суретті түсірген автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77