События

Қостанай облысы жастары «Алтын кітабының» лауреттары марапатталды

Жастарды Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақыт Есімова құттықтады

Қостанай облысы жастарының «Алтын кітабына» есімдері енген лауреаттарды марапаттау жиыны өтті. Биыл алтын кітапқа 11 жастың есімі еніп отыр.

Лауреттарды марапаттау жиынына Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақыт Есімова қатысты.

– Мемлекет саясатында жастарды, олардың бастамаларын қолдау басым бағыттардың бірі. Өздеріңізге белгілі, 2019 жыл жастарға арналды. Биыл еріктілер жылы деп белгіленді. Еріктілердің көп бөлігі – жастар. Бүгінгі марапаттау сәті Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында өтіп отыр. Еліміздің сіздердің болашағы, мықты жастары барына қуанамын, – деді Бақыт Есімова.

Айта кету керек, «Қостанай облысы жастарының Алтын кітабына» 14 пен 29 жас аралығындағы жарқын жетістіктерге жетіп, өңірдің әр саласының дамуына өзіндік үлес қосқан кез-келген жан үміткер бола алады.

Кітап беті осы уақытқа дейін 229 есіммен толыққан. Биылдың өзінде өңір бойынша әр салада еңбек етіп жүрген 223 жас қатысуға өтінім берген. Үміткерлердің есімі алдымен ұйымдастырушылардың ресми парақшасында жарияланып көпшілікке таныстырылды. Іріктеудің бірінші кезеңінін шарты бойынша парақшада жарияланған сәттен бастап дауыс жинау. Екінші кезеңді байқаудың комиссиясы сарапқа салды. Нәтижесінде 223 өтінімнің ішінен 11 номинация бойынша үздіктер анықталды.

«Жас саясаткер» аталымында Алина Ищанова, «Журналистика» номинациясында Қасқырбай Қойшыманов, «Мәдениет және өнер саласына қосқан үлесі үшін» – Жанна Таласпаева, «Білім және ғылым саласына қосқан үлесі үшін» – Рүстем Бейшов, «Мемлекеттік қызметті дамытуға қосқан үлесі үшін» – Рыскүл Таскумбаева, «Спорттағы жетістіктері үшін» – Надежда Рябец, «Денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» – Карина Юсупова, «Жастар кәсіпкерлігін дамытуға және Start-up жобаларға қосқан үлесі үшін – Ләззат Ахмадиева, «Волонтерлікті дамытуға қосқан үлесі үшін» – Дамир Өтебаев, «Ауылдың дамуына қосқан үлесі үшін» – Наурызбек Бірмағамбетов, «Жас батыр» номинациясында Дархан Базарбаев лауреат атанды.

– Мен қатысқан «Журналистика» аталымында он шақты үміткер бақ сынады. Еңбегімді бағалап, қазылар жеңісті маған беруді ұйғарыпты. «Алтын кітапқа» есімі енген барша замандастарымды құттықтаймын, – дейді «Журналистика» аталымында жеңімпаз атанған Қасқырбай Қойшыманов.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77