Новости Политика

Қостанай облысына ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров келді

Ол Қостанай және Рудный аграрлық секторында болып, сондай-ақ Қостанай ауданының бірнеше кәсіпорындарына барды

Ең алдымен, Қостанайда «Новый день» брендімен белгілі «Милх» ЖШС өндірісінде болды. Вице-министрге кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен компания иесі Сергей Блок таныстыды. Айдарбек Сапаровқа кәсіпорыннан шығатын балмұздақ пен сүт өнімдері көрсетілді.

Бүгінде кәсіпорынның инвестициялық құны 1 млрд теңгеден асады, онда 600 ден астам адам жұмыс істейді. Мұнда күн сайын қостанайлықтарға ғана емес, сонымен бірге астаналықтар мен көршілес Ресейге де танымал болған 100 тоннадан астам 70 түрлі өнім шығарылады.

Ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айларында 180 млн теңгеге жуық 667 тоннадан астам өнім экспортталды. Қостанайлық өнімдер Санкт-Петербургте және Мәскеуде, сондай-ақ Челябинск, Новосибирск, Томск және Нижегород облыстарында үлкен сұранысқа ие.

Серіктестік директоры Сергей Блоктың айтуынша, жоғары сапалы және танымал өнімдерді шығаруға мүмкіндік беретін ең заманауи жабдықтар мен технологияларды пайдалану арқылы биоқауіпсіздікке және өндірістің экологиялық таза өніміне үлкен көңіл бөлінеді.

Барлық процесс сенімді түрде жөндеуден өтті, барлық дүкендер мен өнім сақтайтын қоймалар дайын, мұздатқыш және салқындатқыш камералар заманауи жабдықпен жабдықталған, атап айтқанда, белгілі неміс, итальяндық және австриялық компаниялардың жабдықтары қолданылады.

Мұнда өндірілетін балмұздақтың 40-тан астам түрі бар, бірақ сонымен бірге тамаша дәмді қасиетке ие. Айдарбек Сапаров Қостанайлық балмұздақтын дәміт татып, сапасы мен дәміне жоғары баға беріп, ризашылығын білдірді.

– Сіздер ауқымды әрі қажетті істі жасап отырсыздар. Агроөнеркәсіптік кешен алдына үлкен міндет жүктелген. Бес жыл ішінде еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауды 2,5 есеге арттырып, аграрлық ғылымда терең реформаларды жүйелі жүргізу қажет. Бұл міндетті орындау үшін барлық ресурстар жұмылдырылатын болады, – деді Айдарбек Сапаров

Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсірген Владимир ФАЙЛЬ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77