Новости Социум

Қостанай облысында бүгіннен бастап аналогтық эфирлік хабар таратуды өшірді

Өңіріміз цифрлық эфирлік телехабар тарату желісіне толығымен көшті

Облыста аналогтық телехабар тарату желісін өшіру жұмыстары аяқталды. Цифрлық эфирлік телерадиохабар тарату желісін енгізу жобасын кезең-кезеңмен іске асыру жұмыстары толығымен аяқталды.

Жобаны жүзеге асыру барысында облыс аумағында 59 Радиотелевизиялық станция (РТС) салынып, модернизациядан өтті. Ендігінде шалғай жатқан елдімекендердің тұрғындары 11 телеарна, ал облыс орталығы мен жақын орналасқан аудандар 26 отандық телеарнаны цифрлық стандартта көріп, қарауға мүмкіндік алды. Атқарылған жұмыстар есебі бойынша, цифрлық эфирлік хабар тарату сигналы облыс халқының 98% – ін қамтиды.

Елді мекендердің жалпы өңір бойынша саны 627. Аула аралау жұмыстары жүргізілген уақытта, олардың 42-сі цифрлық эфирлік телехабар сигналының қамту аумағына кірмейді деп саналған.

–Өткен жылы аулаларды аралау жұмыстары нәтижесінде спутниктік қабылдау жабдығын сатып алуға көмек көрсетуге мұқтаж 69 аз қамтылған отбасы анықталды. Олар цифрлы эфирлік хабар тарату қамтылмаған 42 елді мекенде тұратын азаматтар. Облыс әкімі Архимед Бегежанұлының тапсырмасымен қалалар мен аудан әкімдері демеушілер тартып, қаражаттары солардың есебінен осы отбасылардың баршасына спутниктік жабдықтарды сатып алуға көмек көрсетті, – деді  Қостанай облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Зауре Әнуарбекқызы.

2019 жылдың 1 шілдесінен бастап Қостанай облысында цифрлық эфирлік хабар тарату жұмысы жүзеге асырылды. Осындай ауқымды жұмыс алдында жоспар бойынша бірқатар және кешенді жұмыстар жүргізілген болатын. Атап айтатын болсақ ішкі саясат басқармасы жерлігікті атқарушы органдар және «Қазтелерадио» АҚ бірлесе отырып халыққа ақпаратты түсіндіру жұмысын жүйелі жүргізді. Соның ішінде, халықпен кездесу жұмысы ұйымдастырырылып, БАҚ арқылы барынша хабардар етілді.

Қала және аудандық әкімдіктер сол елді мекендердегі тұрғындарды цифрлық телевизиямен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізді, қазіргі таңда 1500-ден астам үй шаруашылығы жерсеріктік қондырғыларға ие, олардың бір бөлігі демеушінің қаражаты есебінен.

Аумақтағы әлеуметтік атаулы көмек алатын 687 отбасы мемлекеттік бюджет есебінен цифрлық қабылдағыштармен тегін қамтамасыз етілді. ҚР телерадиохабар тарату саласындағы Ұлттық операторы «Қазтелерадио» АҚ жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, халық арасында ақпараттандыру науқанын жүргізді.

–«Цифролық Қазақстан» бағдарламасы мемлекетіміз бойынша мағызды бағдарламаның бірі болып саналады. Қазақстанда аналогтық эфирлік хабар таратуды өшіру және цифрлық эфирлік телехабар таратуға көшу кезең-кезеңмен жүріп жатыр. 2018 жылы Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласы толық цифрлық эфирлік телехабар таратуға көшіріліп, өңірлерде аналогтық эфирлік хабар тарату желісі өшірілген болатын. 2019 жылы аналогтық желі 28 маусымда Алматы облысында, 1 шілдеде Павлодар облысында, 2 шілдеде Қостанай облысында өшірілді – деді «Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары-әкімшілік директоры Данияр Хакимұлы.

Осы ретте мұхтаж жандарды тиісті жабдықтармен қамтамасу ету бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілді. Осы қолданыстағы заңнамаға сәйкес 687 отбасы мемлекеттік атаулы көмекті алды. Телевизиялық абаненттік құрылғылармен қаматамысыз етудің жалпы сомасы 7 млн 557 мың теңгені құрады.

Алайда, алдағы уақытта цифрлық эфирлік телехабар тарату желісіне арналған құрылғыны сатып алу барысында оның бағасы белгілі бір құзырлы мекемелер тарапынан қадағаланбайды. Көтерме сауда орталықтарында сатылымда тұрған сатушының тауары қазіргі таңда өтімділікке ие болғандықтан, науқанды пайдаланып өзі қалаған бағаға сатуы мүмкін.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Суретті түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77