События

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн баспасөз мәжілісін өткізді

Аймақ басшысы, «Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірдің дамуы туралы» тақырыбында баяндама жасады

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов астықты өңірдің 2020 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша макроэкономикалық көрсеткіштерімен таныстырды.

– Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша өңірдің барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері оң динамиканы көрсетіп отыр. Өнеркәсіп өндірісінің өсімі 6,9%–ды (оның ішінде өңдеу өнеркәсібі – 19,3%-ға), құрылыс жұмыстары-23%-ға, тұрғын үйді пайдалануға беру-9,5%-ға, ауыл шаруашылығы-21,3%-ға, ал негізгі капиталға салынған инвестициялар өсімі 11,0%-ды құрады.

Коронавирустық инфекцияның алғашқы толқыны кезінде барлық өнеркәсіптік кәсіпорындар қалыпты режимде жұмыс істеді, шығарылатын өнім көлемі сақталды. Олардың барлығында өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету, шикізат жеткізу, жұмыспен қамтуды сақтау бойынша шараларды көздейтін дағдарысқа қарсы жоспарлар бар. Аграршылар көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын уақытылы жүргізді. Біздің өңір Мемлекет басшысы бастамашылық еткен бағдарламаны тиімді іске асыру үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланады, – деді брифинг барысында Архимед Мұхамбетов.

Бұдан басқа, өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлеміндегі өңдеу секторының үлесі соңғы 4 жылда 52%-тен, ал 2020 жылғы 10 айдың ішінде – 58,0%-тен асып жығылады.

Өңір басшысы алдағы уақытта өңдеу өнеркәсібінде инвестициялық жобалар іске асатынын атап өтті.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Сурет орталық сайтынан алынды


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77