События

Қостанайда алғаш рет Халықаралық Ақ орамал күні аталып өтілді

Қостанай облысы ҚХА Аналар кеңесі мен «Қазақ аналары – дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен мерекелік іс-шара Достық үйінде кең көлемде аталып өтті.

Орамал қай заманда да, қай уақытта да, қай елде де өте үлкен құрмет пен қасиетке ие болған. Және ол кез келген қыз-келіншектің көрігіне көрік, әдемілігіне сән қосатын ерекше әшекей. Біз әдетте адамгершілік пен ұяттан асқан әдемілік жоқ деп жатамыз.
Тақырып аясында аналарымыз сөз алып орамалың қадір-қасиеті мен киесі жайлы жастарға кеңінен айтып берді.

Іс-шараға келген қонақтар үшін Аналар кеңесі мен «Қазақ аналары-дәстүрге жол» бірлестігінің белсенділері орамалдың қадір-қасиеті туралы баяндап, беташар дәстүрін паш етіп, орамал тағу өнері жөнінде шеберлік-сағатын көрсетті.

Мереке домбыра үнімен әрленген жанды дауыстағы халық әндері орындалып, көпшіліктің көңіл төрінен орын алды.

– «Ақ орамал» ұғымы қазақ тарихында терең философиялық мағынаға ие. Ақ түс – тазалықтың символы – ой тазалығы, жан тазалығы; ар-намыстың, адалдықтың, пәктіктің белгісі. «Ақ орамал» іс-шарасы ежелгі татуластыру әдет-ғұрпына негізделген. Әйел жауласып жатқан жандардың арасына басындағы орамалын тастаған кезде, соғыс, жанжал тоқтаған. Осындай іс-шараға арнайы қатысқан барша жастарға алғысымыз шексіз. Бүгінгі шара олар үшін тәрбие мектебі болды деп ойлаймын, – деді облыстық ҚХА Аналар кеңесі төрайымының орынбасары Ақжан Алтыбаева.

Жан ШАЙМЕРДЕН


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77