В ритме города

Қостанайда «Ел үлесі — пәтерге» акциясы аясында 184-ші үйдің кілті табыс етілді

Оған үш балалы жалғыз басты ана ие болды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдығының аясында «Зекет» қайырымдылық қорының қолдауымен «Ел үлесі — пәтерге» акциясымен тағы бір шаңыраққа мұқтаж жанұя шаттыққа кенелді.
Негізі бұл шара елімізде баспанаға мұқтаж жандарға, көп балалы отбасыларға көмек көрсету солардың қуанышына ортақтасу үшін орындалуда.
Ал оған себепкер мешітке келуші жамағаттардың, қайырымды жандардың үлес қосуымен жүзеге асуда.

Мінекей еліміз бойынша 184 ші үйдің кілті Қостанай облысы Жітіқара қаласының тұрғыны, жалғыз басты, үш баланың анасы Тилеумаханбетова Алия Хамитовнаға бұйырды.

– Үш баласын бағып-қағып отырған ананы баспана мәселесі көп жылдар бойы алаңдатып келген. Енді міне баспанаға ие болып, үлкен қуанышқа кенеліп отыр. Мешіт қызметкерлерінің бастамасымен жүріп жатқан бұл акция көптеген асыл жанды аналарға бақыт сыйлап келеді,-дейді облыстық мешіттің аппарат басшысы Қанат Орынтай.

Баспананың кілтін Қостанай облысының Бас имамы Бақытбек Нұрғабылұлы арнайы тапсырмасымен Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешітінің Бас имамы Бердіғожин Мейіржан Қапарұлы салтанатты жағдайда табыс етті.

Қуаныш иелері үлкен шаттыққа бөленген жанұя шынайы ризашылығын білдіріп, алғыстарын жаудырды.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА

Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77