События

Қостанайда ерліктерге тағзым күні өтті

7 мамыр Костанайда Ерлікке тағзым күні атап өтілді

Бұл күні Қостанай шаһарына сән беріп тұрған үш батырдың ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, тұлғалар есімі ұлықталды. Олар Қобыланды батыр, Шақшақ Жәнібек тархан, Амангелді. Қазіргі бейбіт өмір үшін тарих басында тұрған осы жандар. “Батырларға тағзым” акциясына облыстық жоғарғы оқу орындары мен үлкен буын қатысты.

Зиялы қауым өкілі Қадырғали Жаманбалин осындай іс-шаралардың белгілі бір датада ғана емес, жиі өткізу керек екендігін атап өтті.

— Оқу жылы басталысымен осыған ұқсас апталықтар болып тұрған дұрыс. Сонда балалардың патиоттық сезімдері оянады. Тарихи тұлғаларды мақтан тұтып жүретін болады,– дейді Қадырғали Жаманбалин.

Батырлардың өмірі туралы шағын баяндама айтып, ерліктері еске алынды.

Аяжан СЕРІК,
сурет ашық ақпарат көзінен алынды


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77