События

Қостанайда Наурыз мейрамын тойлау басталды

Жастар сарайында қыз бен жігіттің танысуынан бастап, балаларының тұсау кесуіне дейін салт-дәстүрлерлер көрсетіліп, қойылым қойылды.

Бүгін 14 наурыз Көрісу немесе Амал мерекесі деп те аталады.

– Алдыңғы жылы Қасым Жомарт Кемелұлы Наурыз мейрамын дұрыстап тойлап керек деп айтқан болатын. Соның негізінде биыл “Наурызнама” бағдарламасы аясында 10 күн тойланады. Бізге осы мерекелер енді келіп жатыр. Бұл тарихымыздың тереңдігін көрсетеді, – дейді Ринат  Мұхаметқалиев Қостанай облысы әкімінің орынбасары.

Бұл күн Жаңа жылдың басы болып саналады. Ежелгі мереке барған сайын танымал бола бастады. Егер бұрын оны негізінен батыс өңірлерінің тұрғындары атап өтсе, қазір оны еліміздің басқа түкпір-түкпірінен келген қазақстандықтар да жақсы көрді.

Аяжан СЕРІК,

суретті түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77