События

Қостанайда Qyz syny байқауы өтті

Сайысқа 9-11 сынып оқушылары қатысты

Қаламызда 8 наурыз қарсанында Qyz syny байқауы өтті. Басты мақсаттардың бірі рухани сұлулық пен қазақ мәдениетін тану. Байқауда 8 мектеп оқушысы қатысты, жалпы 4 кезеңнен тұратын сайысқа арулар бірнеше апта дайындалды. Бірінші видео визиткада 3 тілде таныстыру болса, келесі шығармашылық кезеңде барлығы өз өнерлерін көрсетті.

– Мұны ұйымдастырып жатқан балалар шығармашылық мектебі. Бірінші және екінші кезеңдер бойынша қыздар өздері дайындалды. Ал дефилені осында келіп, біздің хореографпен жұмыс жасады. Соңғы кезең сұрақ-жауап, ол жерде біз қыздарға шамамен не туралы, неге қатысты болатындығын айттық, – дейді ұйымдастырушылардың бірі Асем Айтбаева.

Қатысушылар 9-11 сынып оқушылары, барлығы мектеп белсенделері. Әрбір қатысушыны қолдау үшін ата-аналары, достары, сыныптастары келген. Зал лық толы болды.

– Байқау жайында айтып кететін болсақ, өте жақсы сайыстардың бірі. Қазақи нақышқа негізделген, жастар арасында, яғни мектеп оқушылары арасында салт-дәстүрді жаңарту. Қатысушылар жан жақты болды. Бірі өлең айтса, бірі би билеп, тіпті сурет салғандар да бар. Жақсы дайындалғандығы көрініп тұр, – дейді әділ-қазы мүшелерінің бірі Байболат Сегизбаев.

 Бүгінгі таңда қазақ халқының дәстүрлері-бұл төрт қағидатқа негізделген ол: сенім, ашықтық, толеранттылық, дәстүр. Байқау қорытындысы бойынша “Ary’-2024” Ақмаржан Қонақбаева, “El ko’rki” 2 орынды Нұрсая Әбдіқалық, “El arailysy” бұл атақ, яғни 3 орын Сания Бүрбаева иеленді.

– Мектепте осы байқау жайында айтқанда бірден қатысуға өтініш бердім. Өйткені барлық байқауларға қатысып, өзімнің жаңа ашылмаған жақтарымды ашып, көрсетіп, жиналған қауым алдында дұрыс сөйлей білуді үйренгім келеді. Әрине, қобалжу болды, бірақ қолдаушыларымды көріп, қобалжығанымды ұмытып кеттім, – дейді қатысушылардың бірі.

Қатысушыларға сертификаттар, демеушілердің атынан сыйлықтар мен гүл шоқтары табысталды. Бұл сайыстын басты мақсаты өткеннің мұрасы, дәстүрлері, әдет -ғұрыптары, тілі, отбасы, өмір салты және мерекелер-бұл ұлттың мәдени-генетикалық кодын бейнелейтін нәрсе. Бұл ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи-мәдени негіздер.

Аяжан СЕРІК,

суреттерді түсірген Лариса БОЖКО

 


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77