События

Қостанайда Ш.Қабылбаев атындағы академия ішінен Нұрсұлтан Назарбаев атындағы дәрісхана ашылды

Дәріс залына Елбасы жайлы кітаптар мен тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы тарихи зерттеулерден тұратын материалдар қойылған

Қостанайда Тұңғыш Президент күніне орай, Ш. Қабылбаев атындағы академияда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы дәріс залы салтанатты түрде ашылды.

Дәріс залына Елбасы жайлы кітаптар мен тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы тарихи зерттеулерден тұратын материалдар қойылған. Мұның сыртында қазақ тарихынан сыр шертетін үш тілде жарық көрген құнды кітаптар да орын алып отыр. Аталмыш дәрісхана заманға сай қондырғылармен жабдықталған. Алдағы уақытта бұл аудиторияда академия курсанттары білім алып, профессорлық-оқытушылық құрамның түрлі сипаттағы іс-шаралары өтетін болады.

Дәрісхананың керме жібін академия басшысымен бірге қазақстанның еңбек сіңірген ардагері, облыстың бұрыңғы әкімі Тоқтарбай Қадамбаев кесті.

– 1997 жылдың 16-шы шілдесінде Тұңғыш президенттің Қостанайға жасаған сапарында полиция академиясына да атбасын бұрып, ішкі істер органдары үшін білікті мамандар даярлауға бағытталған оқу ордасын материялдық техникалық базасымен танысты. Елбасының келуі ұжымға жаңа күш-жігер берді. Қызметкердің кез-келген күрделі міндеттерді бірлесіп шеше алатынына деген сенімін нығайтты, – деп атап өтті Тоқтарбай Қадамбаев.

Сол сапары кезінде, оқу орын жұмысың оң бағалаған Нұрсұлтан Әбішұлы құрметті қонақтар кітабына: «Қостанайдағы тұңғыш Жоғары милиция мектебіне, оның шәкірттеріне Отанына адал қызмет етуін тілеймін» деген тарихи жазба қалдырды.

Дәрісхананың ашылу салтанатына ІІМ Қостанай Жоғары мектебінің бірінші бастығы және Мемлекет басшысын қабылдаған ішкі қызмет генерал-майоры Талап Қабденұлы Қабденов онлайн режимде қатысты.

– Тұңғыш Президент күні қарсаңында біз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дәріс залын салтанатты түрде аштық. Жаңа аудиторияның лентасын Қазақстанның мемлекет қайраткері, еңбек сіңірген ардагер Тоқтарбай Қадамбайұлы Кадамбаев қиды. Қостанай облысын басқарған кезінде Тоқтарбай аға біздің ЖОО-ның қәзіргі корпустарға ауысуы, Академияның материалдық-техникалық базасының нығаюына зор үлес қосқан. Аудиторияда Тұңғыш Президенттің әр жылдары шыққан еңбектері қойылған. Оның ішінде Елбасының тарихи естеліктері мен өмір жолы, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры ұсынған Ұлы дала тарихының бірнеше мыңжылдық тарихы жайында баяндайтын құнды кітаптар бар. Заманауи технологиялармен жабдықталған бұл залда алдағы уақытта Академия курсанттары мен тыңдаушылары ішкі істер органдарының қызметін жетілдіруге бағытталған шараларды әзірлеу бойынша ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар, сарапшылар қауымдастығы мен ғалымдардың кездесулері өтеді, – дейді Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы, полиция полковнигі Нұрлан Биекенов.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті ұсынған Құрбанәлі ЕЛМҰРАТОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77