Социум

Қостанайда өткен тағылымы мол кездесу

Жиын барысында Қазақстанның құрметті журналисі, ақын Ақылбек Шаяхмет студенттермен «Ихсан ілімі» тақырыбында әңгіме өрбітті

Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің үйымдастыруымен ақын, драматург, Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы мәдениет қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі Ақылбек Шаяхметпен мешіттің шәкірттері мен студенттердің қатысуымен «Ихсан ілімі» тақырыбында кездесу өткізілді.

Онда белгілі қаламгер жастарға «Иман, Ислам, Ихсан» жайында кең көлемде әңгімеледі. Өзінің діни тақырыпта жазған өлеңдерін оқыды. Олардың астарында жатқан мағынаны студенттерге түсіндірді. Жыр жолдарын жастар ұйып тыңдады.

Сонымен қатар аталмыш мешіттің наиб имамы Мейрамбек Жетесов «Танбиh» және Абдуль Карим ибн Атагиллаh Әль-Искандаридің «Хикәм» кітаптарынан «Ихсан» ілімі туралы түсінік берді.

– Жүздесудің тағылымы мен ғибраты мол болды. Жиналғандар дін тақырыбына қалам тартып жүрген ақын-жазушыға дән ризашылығын білдірді. Студенттер көкейлерінде жүрген көптеген сауалдарға жауап алды. Осындай мәнді де мағыналы кездесулерді жиі ұйымдастырып отыру маңызды,-дейді облыстық мешіттің аппарат басшысы Қанат Орынтай.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77