События

Қостанайдағы №41 сайлау учаскесінде сайлаушылардың жартысы дауыс беріп үлгерген

Ертесімен өз тандауын жасау үшін дауыс беруге келгендердің көбі жастар

Еліміздің болашағына қатысты ең маңызды шараға қатысып, өз таңдауын жасауда қостанайлықтар да белсенділік танытып жатыр.

Сайлаушылардың басым бөлігі түске дейін дауыс беріп үлгерген. Дегенмен сайлау учаскілерінде әлі де адам қарасы азая қойған жоқ.

Мәселен, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік мемлекеттік университетінің ІІ-ші бөлігіндегі №41 сайлау учаскесіне тіркелген сайлаушылар ағылып келіп жатыр.

Сайлауға қатысу елдің ертенін ойлатын әрбір азаматтың парызы десек, қала тұрғындары саяси науқанға беленді қатысуда.

Бұл сайлау учаскесінде 2868 адам сайлаушы ретінде тізімге тіркелген.

– Сайлау барлық талаптарға сай өтуде. Барлық санитарлық ережелер толық сақталған. Ерекше қажеттілігі бар жандар үшін жағдай жасалған. Дәл қазіргі сәт бойынша сайлаушылардың жартысына жуығы дауыс беріп үлгерді, – деп атап өтті №41 сайлау учаскесінің төрағасы Нұргелді Хасенов.

Сайлау барысын жіті бақылауда ұстап отырған сайлаушылардың айтуынша сайлау учаскесінде қандай да бір ереже бұзушылық жағдайы тіркелген жоқ. Барлығы заң талабына сай өтуде.

 

Сералы Раманұлы

Суретті түсірген Әбіл ДОСЖАНОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77