Образование

Қостанайдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10 жыл толуына орай қайырымдылық «Вен балы» өтті

“Назарбаев Зияткерлік мектептері” дербес білім беру ұйымының Қостанай қаласындағы “физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі” филиалының 10 жылдығына орай қайырымдылық «Вен балы» өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп қоғамдастығының шығармашылық әлеуетін дамыту, балалардың церебральды сал ауруымен ауыратын Төлеген Айзере Ерболқызына қайырымдылық қолдау көрсету.

– «Қоғамға қызмет ету» жобасы аясында осы «Вен балы» өтіп жатыр. Жиналған қаржы Айзеренің отадан кейін қайтадан реабилитациядан өтуге көмекке жұмсалады. Бұл біздің мектебіміздің 10 жыл толуына орай өтетін алғашқы іс-шара, – дейді мектептің дамытушы пәндер әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Махаббат Махмутова.

Аукционда «Тобыл» футбол клубының спорттық директоры, әйгілі ойыншысы Нұрбол Жұмасқалиев ат салысып отыр.
Нұрбол Жұмасқалиевтің қолы қойылған доп және команданың барлық ойыншыларының қолы қойылған футболка аукционға берілді.

Келесі лоттар ҚР Суретшілер Одағының мүшелері және мектеп оқушыларының үздік шығармашылық жұмыстары ұсынылды. Бұл Назарбаев Зияткерлік мектебінің талантты оқушылары жасаған өнер туындыларын сатып алудың бірегей мүмкіндігі туындады.

Жалпы бұл балға 72 жұп қатысты. Олардың ішінде мектеп оқушылары мен мұғалімдер.

– Біздің мектеп ұйымдастырған қайырыдылық кеші өтуде. Бұл балға бір айдан аса уақыт дайындалдық. Қоңырау кезінде болсын, сабақ соңында болсын әр бос минутымызды дайындыққа жұмсадық. Келген әр жанға, сонымен қатар ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз. Мектебіміз тек осындай балмен ғана ерекшеленбейді, одан да басқа түрлі шаралар өткіземіз, – дейді мектеп оқушысы Санжар Куставлетов.

Биге толы іс-шара ерекше атмсфераға толы өтті. Айта кету керек, қайырымдылық «Вен балы» аясында 526500 теңге жиналды. Ол сумма Айзеренің анасына табысталды.

Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген Лариса БОЖКО


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77