Кәсіпкерлікті дамытуға арналған «Ұлттық жоба»
Кәсіпкерлікті дамытуға арналған «Ұлттық жоба» биыл да жалғасуда. Өткен жылы осы мемлекеттік бағдарлама арқылы 45 мыңдай адам жұмыспен қамтылған еді. Биыл да облыстың 42 мыңдай тұрғынын жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр.
Биыл облыс орталығында 12 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылады. Қазірдің өзінде бірнеше мың адам жұмысқа ие болыпты.
– Облыс орталығында 12 мың адам қамтылуы керек. Бірақ қазіргі таңда соның 35 пайызы орындалған . 4 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды. Өз оқу орнында жұмыс берушінің өтінімі бойынша 68 адам оқу оқып жатыр. Одан басқа «Бизнес бастау» жобасында 366 адам оқытылды, – дейді Бақытгүл Жантілеуова, Қостанай қплплпық жұмыспен қамту орталығының бас маманы.
Өткен жылы қаламызда жеке кәсібін ашқысы келетін тұрғындарға өтемсіз несие 7 миллион теңге көлемінде қаржы игерілген еді. Осының арқасында қаланың біраз тұрғыны жеке кәсіптерін ашты. Биылда бұл өз жалғасын табуда.
– Мен өзім екінші топтағы мүгедекпін. Жұмысқа орналасу қиын болғандықтан, үкіметтің бағдарламасы аясында жұмыс тауып берді. Осында келген соң мамандар маған грант жайында айтты. Үкіметтің қолдауымен жасалған жобаға қатысып, порталға кіріп оқу оқыдым, сертификат алдым. Содан кейін 1,2 миллион теңгедей қайтарымсыз қаржы берілді. Қазір шағын бизнесімді аштым, – дейді Қайрат Жалмурзин Қостанай қаласының тұрғыны.
Елімізде қазіргі уақытта ең күрделі мәселе жұмыссыздық жайы. Сол себепті, оның шешілу жолы да қиын. Мемлекет тарапынан бірнеше бағдарлама қабылданып, жұмыс жасалуда. Оның бірі – әр адам кәсіп ашып, еңбек ету және халықты жұмыспен қамту. Бірақ, қазіргі таңда кәсіпкер ретінде несие алғанымен жұмысын оңынан жүргізіп жатқаны аз. Өзге түгіл өзін әрең жұмыспен қамтып отыр. Халық арасында енжарлық басым, әрбір адам баласы өзінің жағдайын, өзінің болашағын өзі қалайды. Біреуден бір нәрсені сұрау, біреуге тәуелді болу деген дүние жоқ. Оны не себепті айтып отырмын? Оның себебі, жұмыссыздыққа тіркелдің бе, үкімет беріп отырған мүмкіндіктерді бос жібермеу. Барынша барлық жағынан ұтымды пайдалану керектігін ұмытпаған жөн.
Аяжан СЕРІК
Суретті түсірген Лариса БОЖКО
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77