Шомылу маусымында аса сақтық қажет
Қостанай облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс бөлімінің баспасөз қызметінің хабарлайынша, 11 маусым күні шамамен 20 сағат 00 минутта Қостанай қаласының әкімшілік аумағында Тобыл өзенінде 2007 жылы туылған ер бала суға батып кетті. Бұл бала суға түсу үшін жабдықталмаған жерде шомылған.
21 сағат 18 минутта Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары денені судан шығарып, полиция қызметкерлеріне табыстады. Қайғылы жағдай анықталуда.
Осыған орай Департамент азаматтарды балаларды қараусыз қалдырмауды жан-жақты ескертуде. Сондай-ақ тыйым салынған жерлерде шомылмауға тиым салынатынын баса айтуда.
Тұрғындар баламен суға шомылуға барған кезде олардан көз жазып қалмауы керек. Бір қарағанда өзен жағасында жүрген бала, екінші рет қарағанда жоқ болып тілсіз жаудың құрбанына айналуы мүмкін. Сондықтан өзенге шомылғанда өзімізге де кішкентай балаларымызға да сақ болайық.
Аягөз Кәкімжанова
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77