Маусымашар ойындарына Есентүгел Елеукен арнайы келді
Ақпанның 17-20 аралығында Қостанай қаласында облыстық «Маусымашар-2021» фестивалі өтті. Екі кубок сарапқа салынған фестивалға тіркеу онлайн форматты өтізілген. Жалпы 50-ге жуық командалар тіркеліп, оның 30-ы ойынға жолдама алды.
Қостанайлық ойыншылар үшін бұл фестиваль ерекше өтті. Себебі ойынды тамашалауға республикалық «Жайдарман» ойындарынын жүргізушісі Есентүгел Елеукен келген. Бұл жолы Есентүгел Баймұханбетұлы қазылар алқасына төрағалық етіп, жас командалардың қабілетін бағалады дейді облыстық жайдарман сайысының жетекшісі Марғұлан Бәкір.
– Қазылар алқасы ең әуелі мектеп оқушыларының ойынын тамашалады. Бұл жарыста Қостанай, Рудный қалалары мен Жангелді, Алтынсарин аудандарынан барлығы 8 команда бақ сынады. Үздік шыққаны – Рудный қаласының «Техас» командасы алғашқы кубокты қаңжығаларына байлады. Ал «JasStyle» студенттер кезенінде 17 топ қатысты. Биылғы ойынға қатысқан командалардың көбі жаңадан құрылған командалар. Әрине, «Дарын интеллектуал», «Рудный», «Қостомар» сияқты тәжірбиелі топтар да бар. Ойында аздаған басымдылықпен екінші кубокты Қостанай ауданының «Қостомар» командасы жеңіп алды, – дейді Марғұлан Бәкір.
Бүгінде «Жайдарман» қозғалысы елдегі мыңдаған жастың басын қосқан үлкен ұйымға айналған. Көңілді тапқырлар түрлі тақырыптарды қойылымдарына арқау етеді. Өнердің бұл түріне құмартқан жастардың қатары Қостанай өңірінде де көбейіп келеді.
– Жыл сайын маусымашар Нұр-сұлтан қаласында өтетін, еліміздегі індетке байланысты биыл жайдарман фестивалі әр облыстын өзінде өтеді деген шешім қабылданды. Сондықтан өзімізді сынап көруге мүмкіндік алдық. Жайдарманннын Президенті Есентүгел Елеукен келетінін естігенде балалар жігерлене түсті. Сондықтан, қаңтар айынан бастап дайындықты бастадық. Бас кезінде қиың болды, себебі онлайн форматта дайындалып жүрдік. Біраз ыңғайсыздықтар тудырды. Дегенмен, елімізде болып жатқан мәселелерді қозғауға тырыстық. Сахнаны сағынған балаларға дайындыққа кірісу қиынға соқпады. Көрермендердің болмағаны ойыншылардың кішкене көңіл күйін түсіргені рас, себебі олар үшін жанкүйер қолдауы маңызды. Дегенмен ойыншылар бір-біріне қолдау білдіріп, Жайдарман – достық мекені екенін тағы да дәлелдеді, – дейді «Техас» командасының жетекшісі Мұхан Ноғаев.
Айта кету керек, мектеп оқушыларынан құралған «Техас» командасы өз жастарына қарамастан, ойындарымен қазылар алқасынын көнілінен шығып жоғары лиганның 1/8 кезеніне өтті. Сәуір айында өтетін ойынға жалпы 17 команда жолдама алды.
Әйгерім ТӨЛЕПОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77