ЖКХ

Осы жылы Қостанайдағы көпқабатты үйлердің қасбеттері жаңартылмайды

Бұл жайлы қала әкімінің орынбасары Әнуарбек Қасымов БАҚ өкілдерімен кездесу барысында баяндады

Қалалық әкімдікте өткен жиында әкім орынбасары Әнуарбек Қасымов жол жөндеу, ағаштарды кесу, көғалдардыру, қаланы газдандыру жұмыстарының атқарылуына тоқталды.

Өткен жылы облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің қасбеттерін жаңарту ісі биылғы жылы жалғаспайтыны белгілі болды.

– Биыл үйлердің қасбеттерін жөндеу жоспарланбаған. Өткен жылы Қостанайдың 140 жылдық мерейтойына орай жөндеуден өткен үйлер демеушілердің қаражатының жаңа кейіпке еңген болтын және ол кәсіпкерлердің қаланың мерейтойына сыйы еді. Ал, биыл ондай жұмыстар атқарылмайды, келесі жылға шегеріліп отыр. Себебі, «Тұрғын үй қатынастары туралы» жаңа заң күшіне енді, осы заң аясында қасбеттерді жөндеуге және біртұтас сәулет келбетін барынша қарастыруға болады, – деді ол.

Дегенмен, қала жолдары жөнделіп, көшелердегі баған басына 1500 шам орнатылып, 140 аула алаңдары жаңартылатын болады. Яғни, қаламыздың 64 көшесінде жарық пайда болады деген сөз, осы мақсатқа «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында алғаш рет көшелерді жарықтандыруға 670 млн теңге бөлініп отыр. Мердігер ұйымда анықталған, тендерді «ЭПК-Форфайт» ЖШС жеңіп алған. Әкім орынбасарының айтуынша бұл мердігер ұйымның осы бағыттағы жұмыстар жөнінде тәжірибесі мол көрінеді.

Жолды тротуарлармен жабдықтауға 537 млн теңге қарастырылып отыр, сондай-ақ, 65 мың шаршы метр жол төсемелерін ауыстырмақ.

– Біз аулаларды абаттандыруды былтыр бастадық, содан кейін миллиард теңге бөліп, 75 ауланы қамтыдық. Осы жылы қаржыландыру ұлғайды, облыстық бюджеттен миллиард теңге және 900 миллион теңге «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша алынды. Жұмыстар тоқсан сайын жүреді. Автотұрақтардың орналасуы мен ауланың жасалуына қатысты жұмыстарды біздің мердігерлер пәтер иелері кооперативтерімен кеңесіп атқарады, – деді ол.

Алайда, өкінішке қарай жаңа ойын алаңдары барлық аулаларға салынбайды. 2016 жылдан бастап қалада 115 ойын алаңы орнатылған, биыл тағы 119 ауламен жабдықтау жоспарланып отыр.

– Ойын алаңдарын келгенде біз барлық ауланы қамти алмай отырғанымыз рас. Біріншіден, біз былтыр абаттандыру жұмыстары жүргізілген аулаларға барып тиісті жұмыстарды жүргіземіз, – деді Әнуарбек Қасымов.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Сурет газет мұрағатынан алынды


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77