Бүгін Жанашыр бол қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымының қатысуымен психолог Людмила Должикова кездесу өткізді
Кездесуге ұжымдағы жас отбасылар мен қатар тақырыпқа қызығушылық танытқан қызметкерлер де атсалысты. Психолог қатысушыларға отбасындағы ер мен әйел арасындағы жауапкершілік пен эгоизм туралы мысалдар келтіре отыра түсінік берді. Сонымен қатар отбасында әйел адамның барлық жүкті өз мойнына алуының түбі келіспеушілік пен ұрыс-керіске алып келетіндігін айтты. Мұндай жағдайда отбасының екіге бөлініп кетуім мен қатар мәселе туындайтынын айтты. Сондай-ақ, балаға деген жауапкершілікті тым асыра сілтеу де оның психологиялық түрде эмоцияға беріліп ата-анасына қарсы шығуы мүмкін екенін айтып өтті. Оны арнайы дайындалған материалдар арқылы түсіндірді. Осы орайда қатысушылар өз өмірлерінде осындай жағдайға тап болулары мүмкін екендігін түсінді.
Кездесу соңынан қатысушылар тарапынан ер мен әйел адам толық түсінушілік пен бақытты өмір сүру үшін қандай қағида бар екенін сұрады. Психологтың айтуы бойынша ондай сиқыр жоқ, тек бір біріне кешірімді болу немесе кішірейе білулері керек. Олай болмаған жағдайда мәселе шешімін таппайды. Психологтың жас отбасылармен кездесуі отбасындағы бірқатар мәселелерді алға тартып, шешімін табуға септігін тигізді.
Материал жастар арасында Қазақстандық отбасылардың оң имиджін қалыптастыру мақсатында қалалық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша дайындалды.
Жан ШАЙМЕРДЕН, суретті түсірген автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77