“Қостанай облысы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасы” ММ тапсырысы бойынша “Жастар ортасында отбасылық құндылықтарды қалыптастыруға, жас отбасыларды қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін өткізу” ұйымдастырушысы “Жаңашыр бол”ҚҚ
Жобаның мақсаты: адамгершілік құндылықтарды жандандыруға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) оң имиджін дамытуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған. Патриотизм, жақындарына деген сүйіспеншілік, өзара түсіністік, адалдық, өзара қолдау рухында дәстүрлі отбасылық құндылықтарды қалыптастыруға жастар мен жас отбасылардың назарын аудару. Іс шара talk форматында өтті.
Осыған орай Жанашыр бол ҚҚ кездесу өткізді. Ол жерле тек жас отбасылар ғана емес, жастар, отбасы өмірінен көпті білетін, жастарға ақыл айта алатын үлкен кісілерде болды.Бұл кездесуде тек біртараптың көзқарасын емес, түрлі жақтан қарастырылды. Әрбір адам өз ойын айтып, қазақи дәстүр бойынша отбасы тұрмыс тіршілігі де қарастырып кетті. Тіпті басқа ұлт өкілдері оларда осы жағдай қандай бағытта жүзе асатындығын ашық айта білді.
Адамның өмірі отбасынан басталады, адам отбасынан азамат болады. Отбасы- құрметтің, әл-ауқаттың және махаббаттың қайнар көзі, адам онсыз өмір сүре алмайтын жаратылыс иесі, кез-келген қоғамда бұл маңызды аспект. Бұл жобаның негізгі міндеті-барлығымызды қызықтыратын нәрсенің жауабын табу, бірақ оны барлық сұрақтар ашылатындай етіп жасау. Барлығы өзекті ақпарат пен қызықты тақырыптарға жауап ала алды деп ойлаймын. Іс шараның басты міндеті әр түрлі жастағы ерлі-зайыптылардың жастармен кездесуі отбасыларды бірлескен бос уақытында біріктіру, отбасы мүшелерінің назарын бір-біріне аудару, оларға отбасылық мақсаттарын, армандарын бірге талқылауға және тұжырымдауға мүмкіндік беру де айтылды.
Іс шара talk форматында өтті Әркімнің өз ойы бар.Өз тілегі,өз қасіреті бар.Әр адам өзінше бір мектеп, өзінше бір ой. Біреу үшін қазақи дәстүр бойынша отбасының кіші ұлы ата-анасымен тұрып, қара шаңырақ иесі болу керек, ал екіншісі бұл ата баба заманыңда солай болды, қазір енді әрбір отбасы өз бетінше дейтіні де бар.Басқа ұлт өкілдерінде отбасы құрып, бірден көшіп кету дұрыс дейді. Өте қызық тақырып емес пе? Оған қоса отбасылық бюджет, ене мен келін арасында қарым қатынас, баларларға арналған гаджет, бала тәрбиесі жайында айтылып кетті.
Балжан апайдың айтуынша кішісі қалмаса да, біреуі ата анасымен қалуға міндетті.Егер барлығы бөлек шығамыз деп айтса, бұл тәрбиеге байланысты. Ал ене мен келін қарым қатынасына келетін болсақ. Мен өзім енеммен тұрған едім, үйде барлық шаруаны жасап, жақсы қарым қатынаста болдым. Міне атаңа не істесең, алдына сол келер дегендей менің де келінім жақсы, өзіме бір қарсы сөз айтқан емес. Сондықтан жас отбасылар бұрыннан келе жатқан ұстаныммен өмір сүрсе барлығы жақсы болады.
Осындай түрлі жиындар жиі болса, отбасының әр мүшесі ашылатын алаң болса қиындықтарды, мәселелерді шешу жеңіл болатын шығар. Өйткені отбасы, әсіресе жас отбасы үшін, өміріндегі маңызды қадамды жасаған жандар үшін бұл әлі де түсініксіз, белгісіз қадам.
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77